Жазғы академияның екінші маусымының ашылуы!

Достар! Бүгiн Жазғы академияның екiншi маусымының салтанатты ашылуы болды!

Ол 24 маусымнан 5 шiлде аралығында он күнге созылады.

Екiншi маусымда балаларға позитивтi әсер қалдыратын, жаңа бiлiм мен таныстық сыйлайтын Сарайдың тартымды өмiрiне араласу үшiн тағы бiр — 7 топтың қосылғанын айтып өту керек.

Салтанатты жиында директордың орынбасары Абдрахманов А.Е. балаларды құттықтап, балалардың уақытты жақсы өткiзуiне және Жазғы академия сабақтарында дүниетанымдарын кеңейтулерiне тiлектестiк бiлдiрдi.

Мақаланы құрған күні: 24.06.2019