Орта білім беру саласының республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің мәжілісі

27 маусым Оқушылар сарайында Орта бiлiм беру саласының республикалық оқу-әдiстемелiк Кеңесiнiң «Бiлiм беру үдерiсiне әдiстемелiк қолдауды ұйымдастыру ерекшелiктерi» атты кезектi мәжiлiсi болып өттi. Iс-шараға Қазақстанның барлық өңiрлерiнен 200-ден астам ұстаздар қатысты. Пленарлық мәжiлiс барысында 2019-2020 оқу жылына оқу-әдiстемелiк қызметтi ұйымдастыру сұрақтары және де СҚО ауқымды бiлiм беру жобаларының тұсаукесерлерi талқыланды.

Мақаланы құрған күні: 27.06.2019