II Халықаралық «Amanat music» конкурс-фестивалі

22 мамыр күнi Петропавл қ. қалалық мәдениет үйiнде II Халықаралық «Amanat music» конкурс-фестивалiнiң облыстық туры өтiп, оған 5 жастан 21 жасқа дейiн ниет бiлдiрушiлер қатысты. Конкурсанттар барлығы үш турдан өтедi, оның бiрiншiсi аймақтық тур.

Оқушылар сарайының дарынды домбырашысы Қапар Данияр байқауда 2-орынды иелендi. Оқушы «Шабыт» домбырашылар үйiрмесiнде З.С. Оспанованың жетекшiлiк етуiмен шұғылданады. Қатысушылар түрлi жанрларда — вокалда, дәстүрлi орындауда, аспаппен орындауда, халық ансамблi, актерлiк шеберлiк пен ұлттық биде сайысқа түстi. Жеңiмпаздар Алматы қаласында маусым айының соңында өткiзiлетiн конкурс-фестивальдiң екiншi турына барады. Кейiн финалдық тур күзде Нұр-Сұлтанда болады.

Мақаланы құрған күні: 23.05.2019