Ұлы Отан соғысы Жеңiсiнiң 74 жылдығы қарсаңында Оқушылар сарайы мектеп оқушыларына «28 панфиловшы» фильмiнiң кино көрсетiлiмiн ұйымдастырды. Фильм ғимараттың медиа қасбетiнде көрсетiлдi.
«Бiз қала мектептерiнен 400-ге жуық балаларды шақырдық. Оларға осы «28 панфиловшы» фильмiн көрсету керек деп ұйғарған себебiмiз олар бiздiң Қазақстанның батырлары. Фильмнiң ерекшелiгi ол халық қаражатына түсiрiлген. Бiз бейбiт, ашық аспан астында өмiр сүру үшiн оларды патриотизмге, қайырымдылыққа тәрбиелеймiз» — деп директордың ғылыми-әдiстемелiк жұмыс бойынша орынбасары Н. Майлина өз ойын бiлдiрдi.
Ұлы Отан соғысы жылы жасалған ең жасампаз ерлiктердiң бiрi генерал-майор Иван Васильевич Панфилов қолбасшылық еткен гвардия дивизиясы жауынгерлерi — 28 панфиловшының ерлiгi болып саналады. Панфиловшылар — бұлар Қазақ және Қырғыз АССР қалаларынан жасақталған әскери қызметшiлер болатын. 1941 жылы 16 қарашада Мәскеудi фашист басқыншыларынан қорғау кезiнде Дубосеково разъезiндегi ұрыста жауынгерлер жиырмаға жуық немiс танкiсiн жойды және немiстердiң шабуылына тойтарыс берiп, өшпес ерлiк жасады.
«Маған фильм ұнады, ол патриотизмдi дәрiптейдi. 9 мамырда бiз отбасымызбен үйде жиналамыз, кейде жұмысымыз бен кездесулердi кейiнге қалдырып, дәстүрлi түрде теледидардан бәрiмiз бiрге фильмдер қараймыз. Тағы бiр дәстүрiмiз Жеңiс саябағына отшашуға барамыз. Онда келгенде ең алдымен жауынгерлердiң аты-жөнi жазылған ескерткiшке тоқтап, таныс есiмдердi оқимыз. Сондай-ақ, шерудi тамашалаймыз және ардагерлерге гүл шоқтарын сыйлаймыз» — деп, «Дарын» мектеп-лицейiнiң 7-сынып оқушысы Настя Голодова өз ойымен бөлiстi.