Ерік Асқаров атындағы облыстық жас ақындар мектебінің есептік концерті

Оқушылар сарайында Ерiк Асқаров атындағы облыстық жас ақындар мектебiнiң есептiк концертi болып өттi.

Биылғы жылы ақын, драматург және аудармашы Е. Асқаровтың туғанына 60 жыл толуын мерекелеу аясында Оқушылар сарайында мектеп өз есiгiн айқара ашты. Ерiк Асқаров 1959 жылы 10 қаңтарда Солтүстiк Қазақстан облысының Булаев ауданында туған. Ерiк Асқаров бiрнеше туынды жазып, шетел жазушыларының шығармаларын аударып, айтыс өнерiне үлес қосты және бiрнеше фильмдер шығарған.

Мектепте балаларды айтыс өнерiне, өлең жазуға үйретедi, оқытушылар олардың дарынын ашуға көмектеседi. Балалар өз ойларын қағазда әдемi жеткiзумен қатар тiкелей суырып-салмалыққа да үйренедi.

Мақаланы құрған күні: 04.05.2019