Лагерьдің жабылуы

12-23 тамыз аралығында екi аптаға созылған Жазғы Академияның 5 маусымының салтанатты жабылуы 23 тамызда болып өттi. Бұл Оқушылар сарайындағы басқа да маусымдар секiлдi қызықты болған соңғы маусым болды. Лагерьдегi өмiр мазмұнды және қанық болды. Күн сайын балалар жағымды эмоциялар алды. Әр таңда балалардың денсаулығын нығайту және сергек көңiл-күйде болуы үшiн үшiн таңғы жаттығулар өткiзiлдi. Күн сайын Сарайда кесте бойынша IT, биология, химия кабинеттерiнде, театрлық студияда, көркемөнер мектебiнде сабақтар өткiзiлдi, сондай-ақ, балалар үлкен теннис ойнады және спорттық ойындарға қатысты.

Жазғы академия жабыларда балалар кураторларымен бiрлесiп, есте қалатын шығармашылық нөмiрлер дайындады: әндер, билер, домбыра тарту. Жабылу рәсiмiнiң соңында балаларға арнап аниматор би флешмоб өткiздi.

Мақаланы құрған күні: 27.08.2019