Жазғы академияның 2 маусымының жабылуы

Оқушылар сарайы жанындағы Жазғы академияның екiншi маусымы аяқталды (24.06-05.07). Лагерьдiң әр таңы ұжымдық жаттығу жасаудан басталды. Барлық уақыт iшiнде балалар гидропоника, биология, химия, хореография, вокал және де IT-бағытындағы кабинеттерге қатынады. Қорытынды күнi балалар қызықты нөмiрлер дайындап, осылайша өздерiн шығармашылық қырларынан танытты.

Екiншi маусым өте қызықты өттi. Балалар мүмкiндiгiнше өздерiнiң белсендiлiгiн және бастамашылдығын көрсеттi, көпшiлiгiнде тамызда жазылуға болатын үйiрмелерге қатысу ниетi пайда болды.

Мақаланы құрған күні: 05.07.2019