Облыстық балалар бейнелеу және декоративтік-қолданбалы өнер байқауы

16 қазан күнi Оқушылар сарайында облыстық балалар бейнелеу және декоративтiк-қолданбалы өнер байқауы өткiзiлдi.

«Ол бiрiншi атақты жер бетiнде, қойылады ең бiрiншi үстелге!».

Конкурсқа Петропавл қаласы мен Солтүстiк Қазақстан облысының балалар көркемөнер мектептерiнен және балалар өнер мектептерiнiң бөлiмшелерiнен оқушылар қатысты:

  • «Оқушылар сарайы» МҚКК көркемөнер мектебi, Петропавл қ.
  • «№1» Өнер мектебi ТЕББ, Петропавл қ.
  • «DaVinci көркемөнер студиясы, Петропавл қ.
  • «ОБЖШО» КММ «ART палитра» студиясы
  • Ғ. Мүсiрепов ат. аудан «Өнер мектебi» КММ
  • «Мамлютка өнер мектебi» КММ
  • «Асқар Игiбаев атындағы орта мектеп» КММ
  • Есiл ауданы, «Корнеевка» КММ «Санкт-Лоренц» ЖББ.

Әрбiр қатысушы байқауға кез-келген аталымнан бiр жұмысын ұсынады. Байқауға қатысушылардың жасы — 6 жастан 16 жасқа дейiн.

Байқауға барлығы 152 жұмыс ұсынылды.

Әдiлқазылар конкурстық жұмыстарды аса байқампаздықпен таңдады, идеяларының соңылығын және оның орындалуын, орындаудың шығармашылық деңгейiн, автордың ойлау дербестiгiн ескердi. Нәтижесiнде көрмеге 70-тен астам жұмыс қойылды. Байқау қорытындысы бойынша оқушыларды сыйлықтармен марапаттады.

Мақаланы құрған күні: 17.10.2019