«Старт в науке» VII Халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсы және оқушылардың шығармашылық жұмыстары

Самосёнкина Анжелика, «№8 жалпы бiлiм беретiн эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенi» КММ 9А сынып оқушысы 2019 жылғы сәуiр айында Ресей Жаратылыстану академиясы ұйымдастырған «Старт в науке» VII Халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсы және оқушылардың шығармашылық жұмыстарының iрiктеу кезеңiнен өтiп, II-дәрежелi жеңiмпазы атанды. Ғылыми жетекшiсi Мажитова Дина Забихулаевна жеңiмпазды даярлағаны және инновациялық педагогикалық қызметтi жүргiзгенi үшiн сәйкес куәлiкпен марапатталды.

Iрiктеу конкурсында Ресейдiң және де Қазақстанның, Белоруссияның, Украинаның, жақын және алыс шетелдердiң барлық аймақтарының түрлi оқу мекемелерiнен бiлiм алушылар қатысты. Аталған конкурсқа қатысу үшiн 18 пән бойынша 2000-нан астам ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобалар ұсынылды. Конкурсқа қатысушы оқушылар саны 2500-ден асты. Ғылыми жетекшiлер ретiнде конкурсқа 2000-нан астам оқытушылар және педагогикалық қызметкерлер атсалысты.

Конкурстың iрiктеу кезеңiнiң жеңiмпазы ретiнде Анжелика ғылыми жобасының жетекшiсi Д.З. Мажитовамен бiрге конкурстың қорытынды жүзбе-жүз кезеңiне қатысуға шақырылды.

«Старт в науке» VII Халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсы және оқушылардың шығармашылық жұмыстарының қорытынды жүзбе-жүз кезеңi Сочи қаласында 2019 жылғы 12-15 қазан аралығында «Дагомыс» сауықтыру кешенi» Ресей Федерациясы Президентi iстерi басқармасының Федералдық мемлекеттiк автономдық мекемесiнде болып өттi.

Аталмыш конкурстың негiзгi мақсаты оқушылардың жобалық және зерттеу жұмыстарында мәдениетi мен дағдыларын дамыту интеллектуалдық әлеуетiн анықтау, оқу-зерттеу арқылы мектеп оқушыларының өзiн жетiлдiруiне жағдай жасау, сондай-ақ, оқушылардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу саласында ұстаздардың өз кәсiби қызметi нәтижелерiн жариялауы үшiн жағдай жасау болып табылады.

Қорытынды жүзбе-жүз кезеңiне қатысқан оқушы саны 500-ге жуық болды, олар Ресей аймақтарының 250 қаласынан, қала типтес поселоктерiнен, селолер мен хуторлардан келген. Қазақстан Республикасын аталған конкурста Өскемен қ. және Петропавл қ. оқушылары таныстырды.

13 қазанда конкурстың қорытынды мәжiлiсiнiң салтанатты ашылуы болып, онда қатысушыларға Ресей Жаратылыстану академиясының Президентi, медицина ғылымдарының докторы, РЖА профессоры, академик, ұйымдастыру комитетiнiң төрағасы М.Ю. Ледванов құттықтау сөз арнады.

Салтанантты ашылу рәсiмiнен соң «Старт в науке» конкурсының барлық қатысушылары өз бағыттары бойынша әдiлқазылар алқасы алдында өз жобалық жұмыстарын таныстыру және қорғау үшiн тарқасты. Конкурс 13-14 қазан екi күн бағыттар бойынша 7 алаңшада өткiзiлдi.

Құрамында Конкурс құрылтайшыларының өкiлдерi, беделдi ғалымдар, әдебиетшiлер, өнер және қоғам қайраткерлерi болған әдiлқазылар төрелiгiне Анжелика «Қоршаған әлем» бағытында «Ағаштың екiншi өмiрi» тақырыбында өз жобасын ұсынды. Бұл жоба бүгiнгi күнi өзектi болып отыр, өйткенi табиғат қорларының таусылуы ғаламдық түйткiл болып табылады. Адамзат баласы табиғат қорларын немен және қалай алмастыруға болады деп алаңдаулы. Өзiнiң жобалық зерттеуiнде оқушы орман қорларын сақтап қалудың тәсiлiн ұсынады. Атап айтқанда, қағазды екiншi рет пайдалану, макулатурадан қайта қағаз жасау. Мектеп оқушысының жобалық зерттеу нәтижелерi Петропавл қаласының мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемелерiнде — балабақшаларда тәжiрибелiк қолданысын тапты, онда тәрбиешiлердiң жетекшiлiк етуiмен макулатурадан қайта жасалған қағаздан тәрбиеленушiлер өз қолдарымен тамаша шығармашылық жұмыстар жасайды. Жоба әзiрше шағын көлемдi болғанымен, қағаз өндiрiсi үшiн орман қорларын сақтауға көмектеседi, лақтырылатын қоқыс көлемiн және қағаз сатып алуға экономикалық шығындарды қысқартады.

Анжелика осы конкурста өз жобасын, өз қаласын, өз елiн лайықты таныстырды және жеңiмпаз атанды. Оқушы «Старт в науке» VII Халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсы және оқушылардың шығармашылық жұмыстарының қорытынды жүзбе-жүз кезеңiнiң жеңiмпаз дипломымен, «Үздiк ауызша баяндама» дипломымен, «Ресей ғылымының үмiтi» дипломымен марапатталды.

Ресей Жаратылыстану академиясы жобалық қызметтен басқа мектеп оқушыларының шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға ықпалын тигiзетiн конкурстар өткiзедi, нәтижесi бойынша үздiк жұмыстар құрылтайшысы академия болып табылатын журналда жарияланады. Анжеликаның «Жай ғана дос па, әлде отбасы мүшесi ме?» үй жануарына арналған шығармашылық-талқылауы жоғары балл алды және «Мектеп оқушыларының әдеби шығармашылығы» журналында жарияланды.

Конкурс күндерi мектеп оқушылары ғылыми жобаларының жетекшiлерi үшiн «Мектепте бiлiм берудiң заманауи түйткiлдерi» атты III-ғылыми-тәжiрибелiк конференциясы ұйымдастырылып, онда Мажитова Д.З. «Жобалық жұмыс арқылы оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру» ауызша баяндамасын жасады. Ұстаз ғылыми-тәжiрибелiк конференцияға қатысқаны үшiн Дипломымен, «Старт в науке» VII Халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсы және оқушылардың шығармашылық жұмыстарының қорытынды жүзбе-жүз кезеңiнiң жеңiмпазының ғылыми жетекшiсi дипломымен марапатталды.

Ерекше маңызымен және жаңалығымен аталған жұмыстардың жетекшiлерi Ресей жаратылыстану академиясының профиль және мамандандыру бағыты бойынша ғалымдардың, оқытушылар мен мамандардың халықаралық ассоциациясының құрметтi марапатына ұсынылды. Д.З. Мажитова ұлы географиялық ашылулар дәуiрiнiң португалдық теңiзшiсi, Үндiстанға теңiз жолын ашқан ұлы географ Васко да Гама атындағы медальмен марапатталды.

Мақаланы құрған күні: 13.10.2019