Даңқты Ол Бірінші Жер бетінде
Қойылады Ол Бірінші Үстелге!
16 қазан Халықаралық нан күні Оқушылар сарайының конференц залында вернисаж және «Даңқты ол бірінші жер бетінде, қойылады ол бірінші үстелге!» байқауының жеңімпаздарын марапаттау өтті. ЖК Тарасов «Нан үйі» және Оқушылар сарайы ЮНЕСКО клубының көркемөнер мектебі жас суретшілерді және сәндік-қолөнер шеберлерін оған қатысуға шақырды.
Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- Балаларды нанды, диқандардың бейбіт еңбегін құрметтеуге және кең мағынада – Отанға деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу;
- Бейнелеу өнері құралдарының көмегімен бала тұлғасын эстетикалық дамыту;
- Балалардың шығармашылық шеберлігін жетілдіру.
Байқауға Петропавл қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің шығармашылық бөлімдерінің тәрбиеленушілері қатысты:
- Оқушылар сарайы ЮНЕСКО клубының көркемөнер мектебі, Петропавл
- «№1» Өнер мектебі КББМ, Петропавл
- «DaVinci Көркемөнер студиясы, Петропавл
- «ART палитра» студиясы «БЖШОО» КММ
- «Өнер мекткбі» КММ, Ғ. Мүсірепов атындағы аудан
- «Мамлютка өнер мектебі» КММ
- «Асқар Игібаев атындағы орта мектеп» КММ, Есіл ауданы
- «Санкт-Лоренц» ЖББМ, «Корнеевка гимназиясы» КММ, Есіл ауданы
Әр қатысушы байқауға кез-келген аталымнан бір жұмысын ұсынады.
Қатысушылардың жасы — 6-дан 16-ға дейін.
Барлығы 152 жұмыс ұсынылды.
Жұмыс мазмұны байқау тақырыбына сәйкес келуі тиіс:
- «Ас атасы — нан». (Нан туралы мақал-мәтелдер иллюстрациясы)
- «Жылы нан». (Нан туралы әдеби шығармалардан иллюстрация)
- «Балаларға нан туралы айтыңыздар». (Аталым Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған. Иллюстрациялар тыл еңбеккерлерінің ауыр еңбегі туралы. Блокадалық нан).
- «Нан неден пісіріледі». (Нанның, тоқаштың, торттардың, кекстердің иллюстрациялық рецептері.
- «Дәннен нанға дейін» (дастарханда нанның болуын, адамдар еңбегінің нәтижесін иллюстрациялау жұмыстары)
- «Тамаша тоқаштар». (Нан мерекелік дастарханда.Түрлі халықтардың наннан дәм татыру дәстүрі).
Жұмыстар келесі критерилер бойынша бағаланды
- Идеялардың сонылығы мен орындалуы.
- Орындаудың көркемдік деңгейі.
- Шығарманы жасауда автордың дербес ойлауы.
- Идеялар жаңашылдығы және шығарманың орындалуы.
Ұсынылған жұмыстардан әділқазылар жеңімпаздарды таңдап алды:
Көрмеге 70-тен астам жұмыс ұсынылды, олардың 42-сі Дипломдармен және естелік сыйлықтармен аталып өтті.