IT-day «Территория IT» – стэм-турнир

2019 жылғы 30 қазанда Оқушылар сарайында IT day «АT аумағы» – стэм-турнирі болып өтті.

Стэм-турнирге Петропавл қалалық мектептерінің оқушылары және де колледждер мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерінен 12 команда қатысты.

Балалар 7 турда сайысты: бағдарлама жасау кезеңдері, App Inventor қосымшасын жасау, электроника метрологиясы, электр тізбегін жинау, күн энергиясын түрлендіру, Arduino робототехникасын тәжірибеде қолдану, квадрокоптерді құрастыру.

Команда жұмысын әділқазы төрағасы, М. Қозыбаев ат. СҚМУ доценті және PhD докторы, мектеп және университет оқытушылары, IT-мамандар бағалады және зерделеді.

Мақаланы құрған күні: 01.11.2019