2019 жылдың 30-31 қазанында Талдықорған қаласының Оқушылар сарайында «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық конкурсының қорытынды кезеңі болып өтті. Оның негізгі мақсаты білім алушыларды ғылым мен техниканың түрлі салаларында зерттеу, ойлап табу жұмысына тарту, дарынды балаларды қолдау, шығармашылық құзыреттілікте тұлғаның бәсекелестік басымдылығын қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен және Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан 160-тан астам қатысушылар атсалысты.
Осы конкурста Солтүстік Қазақстан облысын «Оқушылар сарайы» МҚКК 8 білім алушысынан тұратын команда – облыстық кезеңнің жеңімпаздары – Ковалёв Александр, Большебратский Вадим, Жолдыбай Ақжан, Адам Әділхан, Бекешев Адильхан, Сайынжан Әмір, Беккожина Камила, Ерғали Айдар таныстырды. Командаға робототехника мен мехатроника оқытушысы Алёшин Дмитрий Васильевич жетекшілік етті.
30 қазанда болған іс-шараның салтанатты ашылуынан кейін конкурсқа қатысушылар өз жобаларын келесі аталымдарда қорғады:
- автокөліктердің қолданыстағы үлгілерін жасау саласында техникалық құрастыру;
- өнеркәсіп саласында техникалық құрастыру;
- ауылшаруашылығы техникасы мен жабдығы саласында техникалық құрастыру;
- әскери техника саласында техникалық құрастыру;
- су көлігі саласында техникалық құрастыру;
- құрылыс саласында техникалық құрастыру;
- жылу теплоэнергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика әзірлемелері саласының жобалары;
- әуеде ұшу саласының жобалары;
- ғарыш және аэроғарыш техникалары саласының жобалары.
Оқушылар өз зерттеу жобаларын қорғау барысында инженерлік пән саласындағы жетік білімдерін, ақыл-ойларының биік деңгейін, ептілігін және жеңіске деген құштарлығын көрсете білді. Әрбір жобаның қорғалуы басқа оқушылар тарапынан қошеметтермен ұласып, олар үшін жайлы атмосфера орнықты, бұл қобалжуды басуға және өз жұмыстарын лайықты қорғап шығуға мүмкіндік берді.
Сайыс қорытындысы бойынша «Ғарыш және аэроғарыш техникалары саласының жобалары» аталымында Большебратский Вадим І-дәрежелі Дипломның және «Әуеде ұшу саласының жобалары» аталымында Ковалёв Александр II-дәрежелі Дипломның иегерлері атанды. Басқа қатысушыларға қатысу сертификаттары тапсырылды.
Алёшин Дмитрий Васильевич команда жетекшісі ретінде жеңімпаздарды дайындағаны және өскелең ұрпақтың шығармашылығын дамытқаны үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМКК Алғыс хатымен марапатталды.
Конкурстың әділқазы мүшелері СҚО командасының зерттеу жұмыстарының жоғары құндылығын атап көрсетті және балаларға техникалық модельдеу бағытындағы жұмыстарын жалғастыруды ұсынды.
«Оқушылар сарайы» МҚКК облыстық мәслихат депутаты және «Нұр Отан» Партиясы қалалық филиалының саяси кеңесінің мүшесі Евдаев Рашбиль Илханановичке аталған конкурсқа қатысу жолсапарды ұйымдастыруға 90 мың теңге мөлшерінде демеушілік көмек көрсеткені үшін зор алғыс білдіреді.