«Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттырудың ұлттық орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейнесабақтар және бейнедәрiстер республикалық конкурсының облыстық кезеңiнiң қорытындысы шығарылды. Конкурстың мақсаты — заманауи педагогикалық тәжiрибе жинақтау және жария ету, бiрегей ақпараттық-бiлiм беру кеңiстiгiнде ұстаздардың ақпараттық-коммуникативтiк және технологиялық құзыреттiлiгiн арттыру. Аймақтық байқауға Петропавл қ. Оқушылар сарайының ұстаздары қатысты. Облыстық кезең нәтижесiнде «Қосымша бiлiм беруде оқытудың заманауи технологиялары» аталымында қосымша бiлiм беру ұстаздары арасында: 1-жүлделi орынды робототехника және мехатроника зертханасының оқытушысы Алешин Дмитрий Васильевич, 2-жүлделi орынды заманауи биотехнологиялар зертханасының оқытушысы Воробьёва Лариса Викторовна жеңiп алды. 08.11.2019 жылы «Өрлеу» ҰБАО СҚО бойынша филиалында «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейнесабақтар және бейнедәрiстер республикалық конкурсының аймақтық кезеңiнiң қатысушыларын және жеңiмпаздарын марапаттау рәсiмi болып, онда ұстаздарға I және II-дәрежелi дипломдар табыс етiлдi. Жеңiмпаздардың материалдары Алматы қаласында өткiзiлетiн байқаудың республикалық кезеңiне жiберiлдi. Республикалық кезең жеңiмпаздарының бейнематериалдары «Өрлеу» ұстаздардың бiлiктiлiгiн арттыру Ұлттық порталының үздiк бейне-сабақтар және бейне-дәрiстер Банкiне кiргiзiледi.
Бейнесабақтар және бейнедәрістер республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
Мақаланы құрған күні: 11.11.2019