2019 жылғы 8 қараша күнi Оқушылар сарайында «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» Республикалық инновациялық идеялар конкурсына қатысушыларды марапаттау болып өттi. Талдықорған қаласында байқауға Қазақстанның барлық өңiрлерiнен 160 адам қатысты. Петропавлдан 8 адам өз жобаларын ұсынды. Байқауда 1 және 2-орындарды Оқушылар сарайының SDR радио және робототехника зертханасында шұғылданатын оқушылары жеңiп алды, басқа қатысушыларға қатысқаны үшiн сертификаттар тапсырылды. Петропавл қ. НЗМ 12-сынып оқушысы Большебратский Вадим: «Бұл менiң жобалар карьерамдағы бiрiншi байқауым емес. Жоба Ковчег 1. орбиталық стансасын жобалаумен түйiнделедi. Жобаның өзектiлiгi Жер ғаламшарында орын бiртiндеп аяқталып келедi, ал орбитадағы осындай станса, яғни ол ғарышта емес, адамдардың көпшiлiк санының сонда өмiр сүруiне мүмкiндiк бередi. Бiз осылайша жер қорларын ықшамдай отырып, адамдардың сонда тұруына мүмкiндiк жасаймыз. Байқау жақсы шарттармен өткiзiлдi, бiз интернатта тұрдық, тек ғылыми тұрғыда болмауы үшiн түрлi iс-шаралар өткiзiлдi және өте қызықты болды. Сонымен қатар, қаламен таныстыратын түрлi экскурсиялар болды. Жобаның макетiне шамамен алғанда 2-3 апта кеттi. Осы байқау туралы идеяны Оқушылар сарайының және мектептегi бiздiң жетекшiлерiмiз айтты» — деп әңгiмеледi.
«Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» Республикалық инновациялық идеялар конкурсына қатысушыларды марапаттау
Мақаланы құрған күні: 09.11.2019