Оқушылар сарайының тұңғыш біржылдығы

2019 жылғы 3 желтоқсанда «Digital Urpaq» Оқушылар сарайы өзiнiң алғашқы туған күнiн мерекеледi. Осыдан тура бiр жыл бұрын Оқушылар сарайының салтанатты ашылуы өткен болатын, балалар мен жасөспiрiмдерге арналған демалыс орталығында олар өздерiне лайықты және қызықты iстер тауып, өз қабiлеттерiн iске асыруда. Осындай бiрегей орталықта балалар сүйiктi iстерi: модельдеу және жобалау, ғылым және шығармашылықпен айналыса алады!

Оқушылар сарайы — Digital Urpaq жоғары технологиялық базасымен өз есiгiн екi мыңнан астам балаға айқара ашты. Бүгiнгi күнi Оқушылар сарайында төрт бағыт бойынша оқыту жүргiзiледi: АТ, ғылыми-биологиялық, көркемдiк-эстетикалық бағыт және көркемөнер мектебi, заманауи әлемдiк трендтерге сәйкес келетiн 87 үйiрме жұмыс iстейдi, соның 67-сi АТ-бағыты, 34 кабинет пен 16 зертхана. Көркемөнер мектебiнде балаларға арналған бейнелеу өнерi-студиялары, сондай-ақ, жастарға арналған жылдық курстар жұмыс iстейдi.

Оқушылар сарайында жоғары бiлiктi ұстаздардың оқытушылық құрамы қызмет атқарады. Педагогикалық шеберлiк нәтижесiнде балалар облыстық және республикалық деңгейлердегi беделдi байқаулардың жеңiмпаздары атанып келедi. Балалар өз оқытушыларымен бiрге 100-ге жуық жоба әзiрледi. Жұмыстың осы қысқа мерзiмiнде оқушылар сарайының бiлiм алушылары 15 Халықаралық, 3 Республикалық, 4 облыстық байқауларға қатысып, халықаралық және республикалық байқауларда 61 жүлделi орынды жеңiп алды, оның 27 — жүлделi орындар.

Сарай негiзiнде 500-ден астам облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегi iс-шаралар өткiзiлдi. Бүгiнде сарайда сан алуан iс-шаралар өткiзiлуде: пленэрлер, шеберлiк-оқулары, көрмелер мен конкурстар, экскурсиялар, шығармашылық шеберханалар және басқалары.

Туған күнде көркемөнер бөлiмiнiң шығармашылық ұжымдары мен үйiрмелерде бiлiм алушы балалар қонақтарға ұмытылмас концерттiк бағдарлама ұсынды. Сонымен қатар, үздiк оқытушылар алғыс хаттармен аталып өттi.

Мақаланы құрған күні: 07.12.2019