2019 жылғы 11 желтоқсанда Оқушылар сарайында мектеп оқушыларының «Солтүстiк Қазақстанның жас өнертапқышы-2019» өнертапқыштық және зерттеушiлiк жобаларының екiншi фестивалi өткiзiлдi. Iс-шараның мақсаты — дарынды балаларды ғылыми-техникалық және жаратылыстану-ғылыми бағыттарда қолдау жүйесiн дамыту.
Биылғы жылы фестивальға үш аталым бойынша 49 жоба ұсынылды: IT-технологиялар, денсаулық сақтау саласындағы биотехнологиялық шешiмдер, азық өндiрiсi мен тағамдық технологиялар, жанды табиғат қорларын жаңалау, адам өмiр сүретiн қолайлы биосфераны дамытуға бағытталған қосымша әзiрлемелер және зерттеулер.
Фестивальге Оқушылар сарайының, қала және облыс аудандарының 10 жастан 18 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Ұсынылған 49 жобаның 20-сы командалық. Фестивальге жобаның жартысын Оқушылар сарайының оқушылары ұсынды.
Фестивальге көптеген қызықты және таңқаларлық жобалар ұсынылды. Мысалы, медицина саласына қатысты «Автоматты резеңке бұраудың жұмыс iстеу қағидасы» аталатын жобаны Мамлют ауданының Покровка орта мектебiнiң оқушысы Ануар Тасмагамбетов жобаның жетекшiсi әскери және алғашқы даярлық оқытушысы Серiк Тасмағамбетовпен бiрге таныстырды. Әзiрлеменi жасаушылар өз өнертабыстарын шұғыл және алғашқы көмек көрсету кезiнде таптырмайтын құрал екенiн айтты, ол мiндеттi түрде автокөлiк жүргiзушiлердiң дәрi қобдишасында болуы тиiс. Қатысушылар автоматты резеңке бұрауды қан тоқтату үшiн енгiзудi ұсынды.
Балалар өсiмдiктер өсiру саласында да көптеген жобалармен таныстырды. Оқушылар сарайының «Green Lab» үйiрмесiнiң тәрбиеленушiсi, №1 Айтхожин атындағы орта мектептiң оқушысы Артем Кузнецов өз достарымен бiрге «Сенполияның өсуiне фитогармондардың әсер етуi» аталатын жобаны әзiрледi. Олар жобаны үйiрме оқытушысы Күлаш Айджанованың жетекшiлiгiмен жасады. Сенполия — бұл гүл өсiруде және де узамбарлық шегiргүл атауымен танымал, әдемi гүлдейтiн шөп тұқымдас әрi ең көп таралған бөлме өсiмдiктерiнiң бiрi.
Жобаның мақсаты — сабақтардан алоэ фитогармонының көмегiмен узамбарлық шегiргүл өсiруге болатынын көрсету. Жобаның өзектiлiгi алоэны пайдалы өсiмдiк және дәрi ретiнде пайдалануға болатынымен қатар гүлдер мен басқа өсiмдiктер өсiру үшiн фитогармон ретiнде қолдануға болатынын көрсетумен түйiнделедi деп әңгiмеледi Артем Кузнецов.
Жобалар iшiнде туризм, экология, ағын суларды ары қарай оларды ауыл шаруашылығында қолдану үшiн тазарту бойынша әзiрлемелер болды. Жеке шаруашылықтар үшiн портативтiк биогаз қондырғыларын жасау, күн батареяларын қолдану бойынша жобалар және көптеген басқалары да қызықты болды.
Фестиваль қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңiмпаздар мен жүлдегерлерге және үздiк жобалар жетекшiлерiне дипломдар мен құнды сыйлықтар табыс етiлдi.
Сонымен, «АT-технологиялар» аталымында бiрiншi орынды Мамлют ауданының «Краснознаменская орта мектебiнiң» 6-сынып оқушысы Панчук Олег, екiншi орынды Петропавл қ. «№1 Айтхожин атындағы орта мектептiң» 10-сынып оқушысы Чуприков Егор, үшiншi орынды Оқушылар сарайының оқушысы Амелин Илья иелендi.
«Жанды табиғат қорларын жаңалау, адам өмiр сүретiн қолайлы биосфераны дамытуға бағытталған қосымша әзiрлемелер және зерттеулер» аталымында қос бiрiншi орынды Оқушылар сарайының оқушылары — Садвокасова Меруерт пен Ғалкенқызы Мәлика, екiншi орынды — Шал ақын ауданы «Новопокровка орта мектебiнiң» 5-сынып оқушысы Крюков Глеб, үшiншi орынды — Оқушылар сарайының оқушылары Кузнецов Артем мен Бердниченко Полина иелендi. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы «Биотехнологиялық шешiмдер, азық өндiрiсi мен тағамдық технологиялар» аталымында бiрiншi орынды ЛОРД мектеп-лицейiнiң оқушысы Степанов Григорий, екiншi орынды Дарын мектеп-лицейiнiң оқушысы Поправкин Сергей , үшiншi орынды НЗМ оқушысы Ғали Нәби иелендi.