«Ұлт мақтанышы» шеңберінде «Әл-Фараби» мектеп-лицейінің директорымен кездесу

2020 жылдың 6 ақпанында Оқушылар сарайы сахнасында «Ұлт мақтанышы» жобасы шеңберiнде «Әл-Фараби» мектеп-лицейiнiң директоры Смаилова Күлiмкөз Қайырбайқызы баяндама жасады. Қатысушылармен кездесудегi әңгiмелесу барысында Күлiмкөз Қайырбайқызы мектептегi өз жұмысы туралы, кадрларды қалай таңдайтынын және мұғалiмнiң бойында қандай қасиеттер болуы керектiгiн айтты. Қ.Қ. Смаилова СҚО бойынша аналар кеңесiн басқарады. Әр түрлi тақырыптарға талқылау аяқталысымен қатысушылар өздерiн қызықтыратын сауалдар қойды. Кездесу өте қызықты және жайдары өттi.

Мақаланы құрған күні: 06.02.2020