Сиқыршы қыс

19 ақпан күні «Сиқыршы қыс» көрмесі Х қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау болып өтті.

Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары Петропавл қаласының білім беру бөлімі және №1 Өнер мектебі болды.

Байқауға біздің қаламыздағы балалар көркемөнер метктептері мен студияларының жұмыстары қабылданды. Балалар өз композицияларында туған өлке табиғатын, біздің өңірімізде қыстап шығатын аңдар мен құстарды, әрине баршамыздың сүйікті мерекелеріміз бен қыс қызықтарын айшықтады.

Оқушылар сарайы Көркемөнер мектебінің оқушылары — Тахметова Дамира, Даиршина Камила, Ростовщикова Екатерина, Ткачева Элина, Кушлян Юлианың жұмыстарын әділқазы мүшелері атап өтті. Қыздарға грамоталар мен жүлделер табыс етілді.

Біздің жеңімпаздарды құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз!

Мақаланы құрған күні: 20.02.2020