IT бағыты бойынша онкүндікке арналған ғылыми-тәжірибелік семинар

Оқушылар сарайында IT бағыты бойынша онкүндiкке арналған iс-шаралар жалғастырылуда. Бүгiн оқушыларға арналған «IT-технологиялар — болашаққа қадам басу» ғылыми-тәжiрибелiк семинары өткiзiлдi. Оқушылар «XXI ғасырдың инновациялық технологиялар» тақырыбындағы жобаларын ұсынды. Келесi тақырыптар бойынша: «Ұшатын машиналар — заманауи әлемдегi шынайылық әлде аңыз», «Құрылыста ұшқышсыз ұшатын аппараттарды қолдану», «3Д технологияларды қолдану», «Физика мен астрофизика түйткiлдерi» баяндамаларын қорғады.

Мақаланы құрған күні: 27.02.2020