Ақпараттық технологиялар онкүндiгi аясында «Оқушылар сарайына қатынай отырып, мен неге үйрендiм» көрме-тұсаукесерi болып өттi. Оған Лего, 3Д прототиптеу, робототехника, электроника, физика кабинеттерiнде бiлiм алатын оқушылардың жұмысы қойылған болатын. Балалар өздерiнiң қызықты жобаларын көрсеттi және сарайда бiлiм алғаннан бастап өздерiнiң ненi үйренгендерiн әңгiмеледi.
«Оқушылар сарайына қатынай отырып, мен неге үйрендім» көрме-тұсаукесері
Мақаланы құрған күні: 25.02.2020