«Ұлт мақтанышы» жобасы шеңберінде «Азық-түлік қауіпсіздігі» кафедрасы меңгерушісімен кездесу

2020 жылғы 20 ақпан Оқушылар сарайында «Ұлт мақтанышы» жобасы шеңберiнде кезектi шақырылған қонақпен кездесу болып өттi. Сахнада «Азық-түлiк қауiпсiздiгi» кафедрасының меңгерушiсi, ауылшаруашылығы ғылымының кандидаты, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жеңiмпазы — Баязитова Кульбарам. Болашақ студенттерге К. Баязитова ауылшаруашылығы саласына кадрлар дайындау туралы, алдағы кәсiптерiнiң артықшылығы мен ерекшелiктерi туралы айтты.

Мақаланы құрған күні: 20.02.2020