«IT аумағы» зияткерлік марафоны

2020 жылғы 3 наурызда Оқушылар сарайында «IT аумағы» зияткерлiк марафоны өттi. Марафонға қатысушылар бес командаға бөлiнiп, кейiннен көрермендер мен әдiлқазыларға команда атауын, ұранын және команда капитанын таныстырды. Зияткерлiк марафон үш турдан тұрды: блиц-турнир, қара жәшiк, капитандар сайысы. Командалардың жарысын келесi құрамдағы әдiлқазылар бағалады: директордың IT-бағыт бойынша орынбасары, сарай әдiскерлерi, 3Д-моделдеу оқытушысы. Марафон соңында барлық қатысқан балалар сертификаттармен және дипломдармен марапатталды.

Мақаланы құрған күні: 03.03.2020