Электротехника және электроника бойынша қашықтықтан олимпиадасының қорытындысы

2020 жылғы 18 сәуірде «Оқушылар сарайы» Электротехника және электроника бойынша қашықтықтан олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға 25 қатысушы атсалысты, олардың ішінде Петропавл қ. мектептерінің жоғары сынып оқушылары, Петропавл қ. Гуманитарлық-техникалық және Машина жасау және Құрылыс колледждерінің сондай-ақ, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 1-3 курс студенттері қатысты.

Олимпиада қатысушыларына өздерін электротехника және электроника салаларының мамандары ретінде таныту және жұмыстың үш түрін орындау ұсынылды: теориялық, аналитикалық және практикалық бөлім.

Олимпиадаға тапсырмалардың 3 блогы ұсынылды:

  • 1 блок: «Электротехника және электроника» пәні бойынша тестілеу
  • 2 блок: тұрақты токтың электрлік тізбектерін есептеу бойынша есептер шығару
  • 3 блок: сұлбаның жұмысқа қабілеттілігін зерттеу және қателерді анықтау

Олимпиада тапсырмаларының мазмұны электрониканың «Электроника элементтері», «Қоректену көзі» тарауларымен және электротехниканың «Тұрақты ток тізбектері», «Айнымалы токтың бір фазалық тізбектері» тарауларымен сәйкес келді.

Қатысушылардың олимпиадалық тапсырмаларды орындауына 90 минут берілді.

Олимпиадалық тапсырмалар қатысуға өтінім берген қатысушылардың көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберілді.

2020 жылғы 20 сәуірде Олимпиаданың конкурстық комиссиясының құрамы: «Оқушылар сарайы» МКҚК ҚБ ұстазы, Гуманитарлық-техникалық колледждің электротехника және электроника оқытушысы Воробьев Г.М.; «Оқушылар сарайы» МКҚК ҚБ ұстазы, Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ докторанты, оқытушысы Семенюк В.В.; «Оқушылар сарайы» МКҚК ҚББ ұстазы, Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ магистрі, оқытушысы Адильбеков А.Е. қорытындысын шығарды.

Өткізілген қашықтықтан Олимпиадасының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

  • 1-орынды бірдей көлемде ұпай жинаған екі қатысушы иеленді – Гниломедов Сергей, Семенчуков Кирилл. Екі қатысушы да Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ 2-курс студенттері болып табылады;
  • 2-орынды Гуманитарлық-техникалық колледждің 3-курс студенті Калбанов Данат иеленді;
  • 3-орынды екі қатысушы өзара бөлісті – Кольчевский Тимур мен Черный Игорь, Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ 2-курс студенттері.

Жеңімпаздар сәйкес дипломдармен, қалған қатысушылар қатысушы сертификаттарымен марапатталды. Жеңімаздар мен қатысушылар барлық марапаттау материалдарын электрондық пошта арқылы алды.

Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз, алға қойған мақсаттарына табыс және жетістіктер тілейміз!

Мақаланы құрған күні: 19.04.2020