Осындай атаумен Мәскеу қаласы Ресей білім академиясы шығармашылық білім беру және мәдениеттану институты ұйымдастырған Халықаралық балалар суреті байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – ата-бабаларымыздың жауынгерлік ерліктеріне және де заманауи өмірдегі бейбіт күндер мен мерекелерге шығармашылық арқылы ой жүгірту.
Тақырыптары сан алуан: үйімізге тыныштық, Жеңіс Күні, бейбіт күндер, Ұлы Отан соғысы туралы әдеби шығармаларға иллюстрация, Ұлы Отан соғысы туралы туысқандардың естеліктері, өшпес полк, менің Ұлы Отан соғысына қатысқан туысымның портреті, мерекелік дастархан, Қалада, мектепте, үйде, балабақшада 9 Мамыр, ізгі істер.
Көркемөнер мектебінің оқушысы Бромот Верониканың «Полк баласы» жұмысы Жеңімпаз Дипломымен марапатталды, сондай-ақ, Жеңістің 75 жылдығына арналған балалар бейнелеу шығармашылығының ХХХ жылжымалы халықаралық көрмесі каталогындағы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, «ИХОиК РАО» ФГБНУ аға ғылыми қызметкері Т.А. Копцеваның мақаласына иллюстрация жасаған.