2020 жылғы 6 мамырда «Оқушылар сарайы» МКҚК 16 сәуiрде басталған «Большие вызовы» ғылыми-технологиялық жобаларының қашықтықтан байқауы аяқталды. Байқауға қатысуға Петропавл қаласы және Солтүстiк Қазақстан облысының жалпы бiлiм беретiн мектептерiнiң 1-11 сынып оқушылары, сондай-ақ, колледждер мен университеттiң студенттерi шақырылды. Конкурсанттар байқауды ұйымдастырушылардың электрондық поштасына өз жобаларын, нақты бағдарламалық әзiрлемелер және осындай әзiрлемелердiң идеяларын келесi тақырыптарға жiберуi тиiс болатын:
- компьютерлiк графика;
- web-дизайн;
- ұялы құрылғыларға арналған перспективалық шешiмдер;
- ақпаратты қорғау;
- био және нейрокомпьютерлер;
- робототехника және биороботтар;
- компьютерлiк техниканы дамытудағы нанотехнологиялар;
- техикадағы және күнделiктi өмiрдегi жасанды зерде;
- ақпараттық технологиялар саласында перспективалық зерттеулер және оларды бизнестiң әртүрлi салаларында қолдану;
- көлiктегi ақпараттық технологиялар.
Байқауға қатысу тегiн болды. Жұмыстар қазақ және орыс тiлдерiнде қабылданды. Барлығы байқауға 15 өтiнiм түстi. Қатысушылар — Петропавл қаласы, Қызылжар және Аққайың аудандары мектептерiнiң оқушылары және де «Оқушылар сарайы» МКҚК АТ-бағыты үйiрмелерiнiң бiлiм алушылары болды.
Конкурстық комиссия құрамына кiргендер: төрайымы — Кухаренко Е.В., М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиясы» кафедрасының меңгерушiсi, доцент, техника ғылымдарының кандидаты;
комиссия мүшелерi: Майлина Н.Ш., «Оқушылар сарайы» МКҚК директорының АT-бағыт бойынша орынбасары; Жусупов Б.О., «Бiлiм саласындағы әдiстемелiк жұмысы және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директорының орынбасары; Бектемиров М.И., «Оқушылар сарайы» МКҚК қосымша бiлiм беру ұстазы, «Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжiнiң жанындағы жалпы бiлiм беретiн мектеп-лицей» КММ информатика мұғалiмi; Адильбеков А.Е., «Оқушылар сарайы» МКҚК қосымша бiлiм беру ұстазы, магистр, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң оқытушысы.
Байқауға ұсынылған жобаларда конкурстық комиссия жобамен бағытталған мәселе шешiмiнiң өзектiлiгiн; аталған мәселеге жаңа шешiмнiң негiз болуын; жоба мазмұнын беру сапасын; жобаның аяқталу деңгейiн; жобаны орындауда қолданылған әдiстердi және де жобаның ресiмделуiн бағалады. Қатысушылар арасында жоба жұмыстарының аса өзектi бағыттары — ақпараттық технологиялар және техникадағы жасанды интеллект; ұялы құрылғыларға арналған перспективалық шешiмдер; көлiктегi ақпараттық технологиялар; робототехника және биороботтар; компьютерлiк графика болды.
Конкурстық комиссия жобалау жұмысының қорытындысы бойынша жеңiмпаздарды анықтады: Аққайың ауданының «Полтавка орта мектебi» КММ 11-сынып оқушысы Курило Владимир 1-орынды иелендi. Жеңiмпаз сәйкес дипломмен және құнды сыйлықпен марапатталды.
«Оқушылар сарайы» МКҚК робототехника және мехатроника үйiрмесiнiң оқушысы Маляуцкий Кирилл және Назарбаев зияткерлiк мектебiнiң 9-сынып оқушылары Мухамеджанов Арлан мен Просеков Владислав 2-орынды өзара бөлiстi. Жеңiмпаздар 2-дәрежелi дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.
3-орынды жинаған балдар жиынтығы бойынша бөлiскен үш қатысушы — «БЭСТ гимназиясы» КММ 6-сынып оқушысы Комаров Игорь; Қызылжар ауданының «Якорь орта мектебi» КММ 7-сынып оқушысы Хрушков Александр және «Оқушылар сарайы» МКҚК мультипликация үйiрмесiнiң бiлiм алушысы Кришталь Екатерина. Жеңiмпаздар 3-дәрежелi дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.
Байқаудың басқа қатысушылары қатысушы сертификатын иелендi. Жобалау жұмыстарынан жүлделi орын алған бiлiм алушылардың жетекшiлерi алғыс хаттармен марапатталды. Жоба жұмыстарының жеңiмпаздары мен қатысушыларын және жетекшiлерiн құттықтаймыз, оларға шығармашылық табыстар, жаңа идеялар және қойған мақсаттарына қол жеткiзудi тiлеймiз!