Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған «Мәңгілік жадымызда» мәнерлеп оқушылар қашықтықтан байқауын өткізудің қорытындысы

Ұлы Жеңiстiң 75 жылдығын мерекелеуге арналған «Мәңгiлiк жадымызда» мәнерлеп оқушылар қашықтықтан байқауын өткiзудiң қорытындысы Ұлы Отан соғысы Жеңiсiнiң мерейтойлық 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2020 жылғы 6 мамырда «Мәңгiлiк жадымызда» атты әдеби-ақындар байқауы өткiзiлдi. Аталған байқаудың негiзгi мақсаты патриоттық бағыттағы орыс классикалық шығармалары және заманауи отандық поэзия арқылы өскелең ұрпақ тәрбиесiн отансүйгiштiк рухта қалыптастыру болды. Әскери-патриоттық байқауға Петропавл қ. және облыс метктептерiнен 6-11 сыныптың 65 оқушысы қатысып, байқау жұмысына қатысуда өздерiнiң жасампаздығы мен дарындарын көрсеттi. 2020 жылғы 5 мамырда «Мәңгiлiк жадымызда» конкурстық комиссиясы келесi құрамда:

Комиссия төрайымы — Тұрлыбаева Замзагүл Болатқызы, «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Бiлiм басқармасы» КММ қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлiмiнiң бас маманы;

Комиссия мүшелерi:

Жылқожина Айгүл Амангелдiқызы, «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң «Бiлiм саласындағы әдiстемелiк жұмысы және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директорының орынбасары;

Уточенко Галина Ивановна — «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Бiлiм беру бөлiмi» КММ оқу пәндерi бойынша әдiскерi;

Майлина Нұрзия Шакенқызы — «Оқушылар сарайы» МКҚК директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары;

Тойбазаров Дәурен Мұратұлы — «Оқушылар сарайы» МКҚК қосымша бiлiм беру ұстазы қорытындысын шығарды.

Бейнероликтер келесi критерийлер бойынша бағаланды:

  • жазбаның жоғары сапасы (орындау дыбысы, сапасы, дауыстап айтуы);
  • мәтiндi таңдау — логикалық екпiндi дұрыс қою;
  • үзiлiстi, сөйлеу нормаларын сақтау;
  • оқу қарқынын дұрыс таңдау;
  • дұрыс интонацияны сақтау;
  • қатесiз оқу;
  • өлеңдi өзiнше қабылдауын көрсете бiлу;
  • оқуды қызықты етiп беру (өлең атмосферасын байқататын қосымша атрибуттар).

Әдiлқазылар алқасы байқау жұмысына қатысушылардың сапалы дайындығын атап өттi. Конкурсанттардың барлық нөмiрлерi аталған тақырыпқа сәйкес болды.

Жеңiмпаздар дипломдармен, басқа қатысушылар — қатысушы сертификаттарымен марапатталды, ұстаздар жеңiмпаздарды дайындағаны үшiн алғыс хаттармен марапатталды. Жеңiмпаздар мен қатысушыларды марапаттаудың барлық материалдары электрондық поштамен жiберiлдi.

«Мәңгiлiк жадымызда» атты әскери-патриоттық қашықтықтан байқауының ең белсендi қатысушылары болған ЛОРД «Дарынды балалар үшiн мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты», «№2 орта мектеп» КММ, «Қазақ мектеп-гимназиясы» КММ, «Облыстық дарынды балаларға арналған БIЛIМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ Жеңiмпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз, табыстар және қойған мақсаттарына жетулерiн тiлеймiз!

Мақаланы құрған күні: 09.05.2020