«Қолда бар қалдық материал» балалар шығармашылығы қашықтықтан байқауын өткізу қорытындысы

2020 жылғы 15 мамырда «Оқушылар сарайы» МКҚК «Қолда бар қалдық материал» балалар шығармашылығы қашықтықтан байқауын өткiздi.

Аталған байқаудың негiзгi мақсаты балалардың қалдық материалдармен жұмыс iстеу дағдыларын қалыптастыру, қол моторикасын дамыту.

Байқаудың мақсаты мен мiндеттерi:

  • балалардың шығармашылық қабiлеттерiн, танымы мен қиялын дамыту;
  • дарынды балаларды анықтау, олардың зияткерлiк және шығармашылық жұмыстарын жандандыру;
  • әрбiреуiнiң даралығы мен әлеуетiн ашу және шығармашылық қабiлеттерiн iске асыруға жәрдемдесу;
  • балаларды, ата-аналарды және ұстаздарды шығармашылық және бiрлескен жұмысқа тарту;
  • шығармашылық сайысу жағдайын жасау.

Байқауға Петропавл қаласы мен облыстың мектептерiнен 1-11 сыныптардың 49 оқушысы қатысып, байқау жұмысына дайындықтарының жасампаздығы мен дарынын көрсеттi.

2020 жылғы 15 мамырда келесi құрамдағы конкурстық комиссия қорытындысын шығарды:

Комиссия төрайымы — Рипачева Инна Григорьевна — Бейнелеу өнерiнен ҚББҰ, Көркемөнер мектебi «Юнеско» клубының төрайымы; Ұстаз суретшiлердiң халықаралық одағының мүшесi.

Комиссия мүшелерi: 

  • Царева Елена Вячеславовна — Бейнелеу өнерiнен ҚББҰ, Ұстаз суретшiлердiң халықаралық одағының мүшесi;
  • Кузнецов Юрий Иванович — Ә. Қастеев атындағы Өнер және дизайн мектебiнiң жоғары санатты ҰББҰ;
  • Муртаева Динара Каирбековна — «Оқушылар сарайы» МКҚК шығармашылық-эстетикалық бағытының әдiскерi; 
  • Елесова Татьяна Геннадьевна — «Оқушылар сарайы» МКҚК шығармашылық-эстетикалық бағытының «Сәндi қолөнер» ҚББҰ.

Байқау жұмыстары келесi критерийлер бойынша бағаланды:

  • орындау деңгейiнiң баланың жасымен сәйкестiлiгi;
  • жұмыстың байқау тақырыбымен сәйкестiлiгi;
  • жұмыстың түпнұсқалылығы, көркемдiгi, эстетикалығы;

Қашықтықтан байқауының қорытындысы бойынша жас санатындағы жеңiмпаздар анықталды:

6-10 жас санатында:

  • 1-орын — 1 Исмайлов Алихан Кайратович Қызылжар ауданы «Асаново орта мектебi»
  • 1 -орын — 1 Моор Иван Сергеевич «Бiрiншi қалалық жалпы бiлiм беретiн IT-лицей»
  • 2-орын — Кравцов Радимир Вячеславович

Баку Әдiлет Бахтиярович «№21 орта мектеп» КММ

Скоробогатов Арсений Сергеевич «№21 орта мектеп» КММ

Кох Эвелина — «Д.М. Карбышев атындағы №40 орта мектеп» КММ

3 орын:

  • Золоторёв Сергей Александрович
  • Золоторёв Дмитрий Александрович «Бiрiншi қалалық жалпы бiлiм беретiн IT-лицей»
  • Сұраған Алуа Серiкбайқызы №26 «Мектеп балабақшасы»
  • Гребенюк Елена Игоревна «Бiрiншi қалалық жалпы бiлiм беретiн IT-лицей»

11-14 жас санатында:

  • 1-орын Мамбетова Дария «Аль-Фараби» мектеп-лицейi ММ
  • 2-орын — Юрасова Елизавета Сергеевна «Новомихайловка ОМ» КММ
  • 3-орын — Авдеева Виктория

15-18 жас санатында

  • 1-орын — Марочкин Захар Владимирович «№21 орта мектеп» КММ
  • 2-орын — Чвилёва Алина Александровна «Новомихайловка ОМ» КММ
  • 3-орын — Шиц Арина Сергеевна «Новомихайловка ОМ» КММ

Жеңiмпаздар дипломдармен, басқа қатысушылар — қатысушы сертификаттарымен, ұстаздар жеңiмпаздар мен қатысушыларды дайындағаны үшiн алғыс хаттармен марапатталды. Барлық марапаттау материалдарын жеңiмпаздар мен қатысушылар электрондық пошта арқылы алды.

«Қолда бар қалдық материал» балалар шығармашылығының ең белсендi қатысушысы болғандар «№21 орта мектеп» КММ, «Новомихайловка ОМ» КММ, «Д.М. Карбышев атындағы №40 орта мектеп» КММ

Жеңiмпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз және шығармашылық табыстар мен қойған мақсаттарына жетулерiн тiлеймiз!

Мақаланы құрған күні: 18.05.2020