«Оқушылар сарайы» МКҚК жазғы акдемияға балаларды қабылдау туралы хабарландырады

«Оқушылар сарайы» МКҚК жазғы акдемияға балаларды қабылдау туралы хабарландырады

Барлық оқушыларға және олардың ата-аналарының назарына!

«Оқушылар сарайы» МКҚК 2020 жылғы 8 маусымнан бастап Жазғы академияға балаларды жинау туралы хабарландырады:

1 маусым 2020 ж. 8.06. — 19.06.

2 маусым 2020 ж. 22.06. — 3.07.

3 маусым 2020 ж. 7.07. — 17.07.

4 маусым 2020 ж. 20.07. — 31.07.

5 маусым 2020 ж. 3.08. — 14.08

6 маусым 2020 ж. 17.08. — 28.08

Жазғы академия 6-14 жас аралығындағы балалар үшiн 2 ауысыммен жұмыс iстейтiн болады: 1-ауысым сағ. 9.00-ден 12.30-ға дейiн, 2-ауысым сағ. 15.00-ден сағ. 18.00-ге дейiн.

Барлық ниет бiлдiрушiлердi:

– АТ-бағыттар бойынша интерактивтiк сабақтарға;

– ғылыми-биологиялық бағыт зертханаларындағы қызықты сабақтарға;

– көркемөнер-эстетикалық бағыт бойынша елiктiргiш сабақтарға;

– спорттық ойындарға, эстафеталарға, конкурстарға;

– «Бизнес мектебiне»;

– журналистика бойынша қызықты сабақтарға қатысып, жазғы демалысты көңiлдi және пайдалы өткiзуге, жаңа достар табуға, жаңа технологиялармен танысуға, идеяларын iске асыруға, дарынын ашуға шақырамыз.

Жазғы академия бағдарламасында заманауи ғылыми индустрия аймағына қатынау жоспарланған: спорттық ойындар аймағы, жанды суреттер, виртуалды шындық, анимациялық студия, каркастық-вакуумдық кинотеатр сiздерге көптеген жағымды әсерлер мен керемет көңiл-күй сыйлайды.

Бiздiң Жазғы академияда әрбiр бала жаны қалайтын iстi табады.

Қабылдау үшiн келесi құжаттар қажет:

1. Өтiнiш

2. Туу туралы куәлiктiң көшiрмесi

3. №95 нысандағы медициналық анықтама және эпидорта анықтамасы

4. Төлем туралы куәлiк

5. Шарт

Қосымша ақпарат үшiн

Жамбыл Жабаев көшесi, 55а мекенжайына хабарласыңыздар, тел. 34-02-44.

Инстаграмм, фейсбук әлеуметтiк желiлерiнде.

Мақаланы құрған күні: 20.05.2020