Оқушылар сарайының оқушылары «IT STARS-2020» I Халықаралық жастар фестивалінде жүлдегерлер атанды

20-22 мамырда Алматы қаласында алғаш рет «Жаңа мектеп» бiлiм беру мекемесiнде қашықтықтан «IT STARS-2020» I Халықаралық жастар фестивалi өткiзiлдi. Фестивальдiң қатысушылары бiлiмнiң сан алуан салаларында ақпараттық технологияларды пайдалануды көрсету мүмкiндiгiн көрсеттi: медиа журналистика, бағдарлама жасау, жылдам мәтiн басу, компьютерлiк графика, тұсаукесерлердi жасау және жобаларды қорғау.

Фестивальға Азербайджаннан Ресейден, Қазақстан мен Қырғызстаннан 250-ге жуық бала қатысты. Оқушылар сарайы 14 жоба және шығармашылық жұмыстар ұсынды. Оқушылар сарайынан фестивальге қатысқан химия зертханасы үйiрмесiнiң оқушылары — Ахметова Тоғжан, Калугин Дмитрий жүлдегерлер атанып (жетекшiсi Хамитхожаева А.С.), 1-дәрежелi дипломдармен марапатталды. Исаков Михаил — физика зертханасы үйiрмесiнiң оқушысы (жетекшiсi Макаренко А.Ф.) 3-дәрежелi диплом.

Балалар үйiрмелерге зор ынтамен қатысады. Әрбiр қатысушы РФ Мәскеу қ. ЛИНТЕХ бас директоры, РФ Томск қ. «Ашық жастар университетi» ҚКББ АКЕҰ директоры, Алматы қаласы «Жаңа мектеп» бiлiм беру мекемесiнiң директоры қол қойған сертификаттар, ал жеңiмпаздар — дипломдар иеленедi. Бiздiң балаларымыз өз шығармашылық әлеуеттерiн көрсету, әр түрлi конкурстарға, фестивальдарға және олимпиадаларға қатысу мүмкiндiгiн босатпайды.

Оқушылар сарайының оқушылары «IT STARS-2020» I Халықаралық жастар фестивалінде жүлдегерлер атанды

Мақаланы құрған күні: 25.05.2020