«Балалар, техника, шығармашылық» жас техниктер-өнертапқыштар қашықтықтан байқауының қорытындысы

«Оқушылар сарайы» МКҚК 12 мамырда бастау алған «Балалар, техника, шығармашылық» жас техниктер-өнертапқыштар қашықтықтан байқауы 2020 жылғы 30 мамырда аяқталды.

Аталған байқаудың негiзгi мақсаты — бiлiм алушыларға өз бiлiмдерiн ақпараттық технологияларда байқап көру, ғылыми-зерттеушiлiктi, ақпараттық және коммуникативтiк құзырлығын iске асырудың шығармашылық әлеуетiн көрсету мүмкiндiгiн ұсынады

Байқауға қатысуға Солтүстiк Қазақстан облысының жалпы, қосымша және орта кәсiби бiлiм беру ұйымдарының 10-19 жас аралығындағы бiлiм алушылары шақырылады.

Конкурсанттар байқауды ұйымдастырушылардың электрондық поштасына ұзақтығы 7 минуттан аспайтын, онда өз өнертабысын (модель, аспап, құрылғы, бейiмделген құрылғы, ойын, ойыншық, макет және т.б.) таныстыратын орын алған мәселелердi шешуге бағытталған келесi аталымдарға бейнероликтер жiберуi тиiс:

– қолданыстағы көлiк модельдерiн, соның iшiнде әскери техника әзiрлеу саласында техникалық құрастыру (су, әуе, жер);

– өнеркәсiп саласында техникалық құрастыру;

– ауылшаруашылығы саласының техникасы мен жабдығын автоматтандыру;

– құрылыс саласындағы жобалар;

– жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетиканы әзiрлеу саласының жобалары;

– интернет заттар технологиясын адам жұмысының түрлi салаларында қолдану.

Өнертапқыштық немесе қазiргi мен келешектi оңтайландыру элементтерi бар, жаңа, оригинал техникалық шешiмдерi мен әлеуметтiк және даралық маңызды бейнероликтерге басымдылық берiлдi.

Байқауға қатысу жек және тегiн болды.

Бейнероликтер орыс және қазақ тiлдерiнде қабылданды.

Барлығы байқауға 12 өтiнiм келiп түстi. Байқауға Қызылжар ауданының «Бескөл орта мектеп-гимназиясы» КММ оқушылары белсене қатысты.

Байқау жұмыстарын құзырлы әдiлқазылар келесi құрамда бағалады:

  • төрағасы — Астапенко Н.В., Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң PhD докторы, «Ақпараттық-коммуникациялар технологиясы» кафедрасының оқытушысы;

комиссия мүшелерi:

  • Майлина Н.Ш., «Оқушылар сарайы» МКҚК директорының АT-бағыт бойынша орынбасары;
  • Жусупов Б.О., «Бiлiм саласындағы әдiстемелiк жұмысы және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директорының орынбасары;
  • Омаров Ж.С., «Оқушылар сарайы» МКҚК қосымша бiлiм беру ұстазы,
  • Адильбеков А.Е., «Оқушылар сарайы» МКҚК қосымша бiлiм беру ұстазы, магистр, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң оқытушысы.

Байқауға ұсынылған жобаларда байқау комиссиясы келесiлердi бағалады:

– байқау жұмысының ғылыми және практикалық маңызы;

– әзiрлеменiң өзектiлiгi және мақсатқа сәйкесактiлiгi;

– орындаудың техникалық деңгейi: конструктивтiк және технологиялық ерекшелiктер;

– жаңа технологиялар мен материалдарды қолдану, танымал материалдарды дәстүрден тыс қолдануу;

– оқушының өз өнертабысының бейне тұсаукесерiн таныстырғандағы ой-өрiсi: баяндау логикасы, талқылау дәлелдiгi, мектептен тыс бағдарлама бiлiмiн қолдануда ойлау сонылығы.

Жоба жұмыстарын бағалау қорытындысы бойынша конкурстық комиссия жеңiмпаздарды анықтады:

  • 1-орынды Қызылжар ауданының «Бескөл орта мектеп-гимназиясы» КММ 10-сынып оқушысы Баурин Владимир иелендi. Владимир «Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетиканы әзiрлеу саласының жобалары» аталымында «СҚО аумағында электр тарату желiлерi қашық болған жағдайда жел энергиясын пайдалану» тақырыбына жоба тұсаукесерiмен бейнеролик ұсынды;
  • 2-орынды Петропавл қ. «Мұрат Айтхожин ат. №1 орта мектебi» КММ 8 «А» сынып оқушысы Кузнецова Татьяна иелендi. Татьяна «Өнеркәсiп саласында техникалық құрастыру» аталымында «Топырақтың нейрожелiлiк талдауы» тақырыбына өз жобасы тұсаукесерiмен бейнеролик ұсынды;
  • 3-орынды «Бескөл орта мектеп-гимназиясы» КММ 5 «А» сынып оқушысы Любых Егор «Өнеркәсiп саласында техникалық құрастыру» аталымында «Қоқыс жинағыш гидравликалық робот» тақырыбындағы жобамен иелендi.

Байқаудың басқа қатысушылары қатысушы сертификаттарын алды.

Жүлделi орын алған бiлiм алушылардың жоба жұмыстарының жетекшiлерi жеңiмпаздарын дайындағаны үшiн алғыс хаттармен марапатталды.

Жеңiмпаздарды және жоба жұмыстарының жетекшiлерiн құттықтаймыз, оларға шығармашылық табыстар және алға қойған мақсаттарына жетулерiн тiлеймiз!

Мақаланы құрған күні: 02.06.2020