«Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай «Домбыраның күмбірі» атты жас домбырашылар арасында қашықтықтан өткізілген күй байқауының нәтижелері

2020 жылғы 30 маусым күні «Оқушылар сарайы» МКҚК «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай қашықтықтан байқау өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты – музыкалық өнер саласындағы дарынды оқушыларды анықтау, домбырада ойнауды насихаттау, музыкалық шеберлікті арттыру.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • тәжірибе алмасу, жас домбырашыларды анықтау;
  • жас домбырашылардың кәсіби өсуі үшін музыка саласында жаңа білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге жағдай жасау;
  • балаларды мәдени құндылықтарға тарту;
  • балаларды, педагогтарды желілік жобаларға қатысуға ынталандыру.

Байқауға қатысуға 1-11 сынып оқушылары шақырылды. Байқауға 20 қатысушы белсене қатысты, олар домбырада музыкалық шығарма орындап, бейнеролик жазуға тиіс болды.

Қашықтықтан байқауының қорытындысы бойынша жас санатындағы жеңімпаздар анықталды:

7-9 жас арасында:

1 орын – Байматов Мансұр – Бескөл орта мектебі, Қызылжар ауданы
2 орын – Жуваров Әсаналі – «№8 орта мектеп» КММ
3 орын – Шайкенов Елхан – «№17 орта мектеп» КММ

10-12 жас арасында:

1 орын – Асанова Ғаухар – «№6 орта мектеп» КММ
2 орын – Есенгелді Асқарбек – «№17 орта мектеп» КММ
3 орын – Аубакірова Ясмин – Лицей им. Магжана Жумабаева

14-16 жас арасында:

1 орын – Ансамбль (Қуандыққызы Аружан, Искакова Жәнель, Нұрлыбаева Әсель, Макенова Дариға) – Петропавловл қ. ХББ НЗМ
2 орын – Ұлан Самат, Бескөл орта мектебі, Қызылжар ауданы
3 орын – Восипенок Екатерина, «№7 орта мектеп» КММ

Жеңімпаздар дипломдармен, қалған қатысушылар сертификаттармен, педагогтар жеңімпаздарды дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Барлық марапаттау материалдарын жеңімпаздар мен қатысушылар электронды пошта арқылы алды. Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз, алға қойған мақсаттарыңызға сәттілік пен жетістіктер тілейміз!

Мақаланы құрған күні: 02.07.2020