«Шынайы әлем» студиясы

«Шынайы әлем» студиясы

Балалар жазғы демалыс кезеңінде СҚО Петропавл қ. «Оқушылар сарайы» МКҚК жұмыс істейтін жоғары біліктілік санаты бар қосымша білім беру ұстазы Кузнецов Юрий Ивановичтің жетекшілік етуімен «Шынайы әлем» студиясына қатынайды.

Студияда түрлі жас санатындағы (4-12 жас) балалар сурет салудың, жапсырманың және қолданбалы өнер шығармашылығы негіздерімен танысады. Қазір балалар Беларусь Республикасы Г. Могилев қаласында жарияланған «Анимаевка-2020» халықаралық конкурс-фестиваліне қатысуға дайындық үстінде.

Фестивальдің бір аталымында балалармен бейнелеу және сәндік қолөнер шығармашылығы өткізіледі.

Білім алушылар өз сүйікті мультфильмдерінен суреттер дайындайды және қазақ ұлттық ернтегілерінің желісі бойынша құрылған кейіпкер батырларды бейнелейді. Қазіргі сәтте студия талапкерлері жұмыс жасап жатқан тақырыптың бірі – экопластиктен жасалатын «Дастархан» атты ұлттық колоритте ұжымдық панно. Мозаиканы балалар бір ай ағымында орындау үстінде және түрлі топтар мен жастағы балалар қатысуда. Панно аяқталған соң көрермендерге көрсетіліп, Петропавл қ. Оқушылар сарайы дәрісханаларының бірін безендіретін болады.

Мақаланы құрған күні: 07.07.2020