«Менің сүйікті досым» атты үй жануарлары туралы бейнероликтер қашықтықтан байқауы

 «Менің сүйікті досым» атты үй жануарлары туралы бейнероликтер қашықтықтан байқауы

2020 жылғы 29 маусымнан 4 шілде аралығында «Оқушылар сарайы» МКҚК іс-шаралар жоспары негізінде «Менің сүйікті досым» атты үй жануарлары туралы бейнероликтер қашықтықтан байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты үй жануарларын ұстауды танымал ету – отбасын біріктірудің ұтымды құралы ретінде көрсету болып табылды.

Міндеттері:

– белсенді өмірлік ұстанымы бар отбасыларды анықтау және қолдау;
– балалармен шығармашылық байланыс жасаудың жаңа түрлерін дамыту;
– балалардың жануарларға жауаптылық, мейірімділік қарым-қатынастарын қалыптастыру.

Байқаудың шарттары бойынша байқауға 1-11 сыныптың қатысушылары ата-аналарымен немесе отбасының басқа мүшелерімен бірге шақырылды. Конкурстық бейнероликте өзінің үй жануары туралы, оларды ұстау шарттары, дағдылары туралы қысқаша айту қажет болатын.

Байқауға үй жануарларымен бірге конкурстық жұмыстарды 4 аталым бойынша ұсынуға рұқсат етілді:

– мысықтар (мысықтар туралы бейнероликтер)
– иттер (иттер туралы бейнежазбалар)
– құстар (құстарды туралы бейнежазбалар және тб.)
– кеміргіштер (аламандар, теңіз шошқасы және басқа жануарлар).

Сүйікті жануарлары туралы байқау балалардың қызығушылығын, қуанышын туғызды, өйткені өз жануарын көпшілікке таныстыру мүмкіндігі күн сайын бола бермейді.

Байқаудың әділқазылары балалардың қойылымдарын келесі критерийлер бойынша бағалады:

  • байқау тақырыбымен сәйкес болуы;
  • баяндаудың түпнұсқалығы, қол жетімділігі, өз көзқарасының болуы;
  • біздің «кішкентай бауырларымызға» қарым-қатынасы бойынша белсенді азамттық ұстанымын бейнелеу.

Әділқазы мүшелері дауыс беру барысында келесі жеңімпаздарды анықтады:

Гребенюк Елена Игоревна, 9 жаста, «Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицей» – «Мысықтар» аталымында;

Саржанов Богдан Нурланович, 9 жаста, «Бірінші гимназия» КММ – «Кеміргіштер және басқалары» аталымында;

Муратов Рахат Мейрамович, 9 жаста, «№17 ұлттық өркендеу-орта мектеп кешені» КММ, «Иттер» аталымында.

Қатысушылардың бейнероликтері үш аталымда ғана І-дәрежелі дипломдармен аталып өтті, басқа оқушылар қатысушы сертификаттарына ие болды.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіреді. Сендерге өте мейірімді, сүйкімді, жан тебірентетін бейнероликтерің үшін, өздеріңнің кішкентай достарың туралы жылы сөздерің үшін рахмет айтамыз!

Мақаланы құрған күні: 09.07.2020