Робототехника және мехатроника бойынша «РобоSTART» қашықтықтан олимпиадасының қорытындысы

2020 жылдың 19-27 маусымы аралығында «Оқушылар сарайы» МКҚК робототехника және мехатроника бойынша «РобоSTART» қашықтықтан олимпиадасы өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – зияткер дарынды, талантты білім алушыларды анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін іске асыру, білім алушылардың дайындық сапасын арттыру, олардың құзыреттілігін жетілдіру, робототехника саласында уәждемені және шығармашылық белсенділікті арттыру.

Олимпиадаға қатысуға Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының 5-7 сынып оқушылары шақырылды. Қатысушылар алдын ала олимпиада сайтында онлай тіркеуден өтуі қажет болатын. Тапсырмаларға қол жеткізу 2020 жылғы 19-26 маусым аралығында ашылды. Олимпиада сапаны бағалауға әкелетін нақты теориялық және практикалық тапсырмаларды орындауды көздейтін жарысты көрсетті. Тапсырмалар орындау міндетті екі кезеңнен тұрды: тестілеу және есептер шығару. Олимпиадаға Оқушылар сарайының білім алушылары, Аққайың және Қызылжар аудандарының оқушылары белсене атсалысты.

Олимпиада қорытындысы 27 маусымда шығарылды. Олимпиаданың орындалған тапсырмаларын тексеру нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:

1-орынды «Оқушылар сарайы» МКҚК робототехника үйірмесінің білім алушысы Маляуцкий Кирилл иеленді;

2-орынды «Смирнов мектеп-гимназиясы» КММ оқушысы Садовой Артём иеленді;

3-орынды «Смирнов мектеп-гимназиясы» КММ оқушысы Гонтарь Никита иеленді.

Жеңімпаздар сәйкес дипломдармен марапатталды. Байқаудың басқа қатысушыларына сертификаттар берілді. Білім алушылары жүлделі орын алған жоба жұмыстарының жетекшілері жеңімпаздарды дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздарды, қатысушыларды және ұстаздарды құттықтаймыз, оларға шығармашылық табыс, жаңа идеялар және алға қойған мақсаттарында жетістікке жетулерін тілейміз!

Мақаланы құрған күні: 29.06.2020