Сәуірдің соңғы сенбісі – Дүниежүзілік бақаларды құтқару күні

Сәуірдің соңғы сенбісі – Дүниежүзілік бақаларды  құтқару күні (SAVE THE FROGS DAY).

Бұл мереке қосмекенділердің проблемаларына назар аудару мақсатында құрылды және кейбір түрлері жойылу қаупінде тұрған амфибияларды қорғауға арналған. Ғаламшарымыздағы адамдардың көпшілігі бақалар туралы аз біледі.

Бақаларға қатысты аз ғана мәлім, бірақ өте қызықты фактілердің арасынан мыналарды атап көрсетуге болады:

• бақалар – бірінші омыртқалы қосмекенді тіршілік иелері болып табылады (бұл 300 миллион жыл бұрын, омыртқалылардың бірде-бір түрінің аяқ-қолдары болмаған кезде пайда болған);

• бүгінгі таңда біздің ғаламшарымызда амфибиялардың бірнеше мың түрі мекендейді;

•  бақалар барлық жерде өмір сүреді, олар тек жер полюстерінде болмайды;

•   көптеген түрлер Американың орталық бөлігінде, Тропиктерде тұрады;

•   құйрықсыз қосмекенділер отрядының кейбір түрлері адамдар үшін улы болып табылады;

•   бақалар – бұл құрлықта және су қоймаларында жәндіктерді аулайтын жыртқыштар.

Дүниежүзілік бақа күні экожүйенің бұзылуына жол бермейтін маңызды бөлігі болып табылатын амфибиялар туралы адамдарды хабардар етуге арналған.

Ғалымдар бақалардың көптеген түрлерінің жойылып кету фактісін растайтын статистикалық зерттеулердің деректерін көрсете отырып, дабыл қағуды жалғастыруда. Бұл процесс әлемдік жаһандануға, орманды кесуге, батпақтарды құрғатуға және мегаполистердің өсуіне байланысты. Бақалардың жойылып бара жатқаны туралы бәріне белгілі емес. Бірақ қосмекенділердің жойылуы бүкіл экожүйенің бұзылуына және оның ішкі тепе-теңдігін жоғалтуына қауіпті. Егер қоғамға бақалардың маңыздылығы мен олардың жойылып кетуі туралы хабардар етпесе, онда қосмекенділердің жойылу процестерін тоқтату мүмкін болмайды. Осы себепті де адамдардың назарын қосмекенділерге аударуға және олардың біздің ғаламшардағы тіршілігінің рөлі туралы көбірек білуге көмектесуі үшін  бақа күні аталып өтеді.

Оқушылар сарайы Көркемөнер мектебінің дайындық бөлімінің оқушылары «Компьютерлік графика» пәнінде қосмекенділердің жойылу себептері туралы баяндайтын, сондай-ақ оларды құтқаруға шақыратын плакаттар орындады.

Бұл жұмыстар Халықаралық Save The FROGS сурет байқауында ұсынылды! Ал енді ғылыми-биологиялық бағыттағы онкүндік аясында Оқушылар сарайына келушілерге қосмекенділерді құтқарудың маңыздылығы туралы айтылады.

Мақаланы құрған күні: 19.04.2021