Құрметті «Оқушылар сарайы» МКҚК ата-аналары және келушілері!
Кәсіпорын қызметкерлері, келушілері арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 29 шілдедегі №33 «Ashyq жобасын енгізу туралы» Қаулысының талаптарын сақтау мақсатында
- 2021 жылғы 6 тамыздан бастап «Оқушылар сарайы» МКҚК ғимаратына кіру QR-код бойынша жүзеге асырылсын.
- Кәсіпорын қызметкерлері, білім алушылар мен шығарып салушылар кіре берісте QR-кодты сканерлеп, күзет бекетінде нәтижесін күзетшіге көрсетуі тиіс. Смартфон болмаған жағдайда, адамның мәртебесі ЖСН бойынша тексеріледі.
Жасыл немесе көк түс мәртебесі бар адамның кіруіне ешқандай шектеулер жоқ.
Сары немесе қызыл түс мәртебесі бар адамдарға ғимаратқа кіруге тыйым салынады.