ХИМОКВИЗ

2022 жылдың 28 қаңтарында Оқушылар сарайында дәстүрлі «ХимоКвиз» зияткерлік ойыны өтті. Ең білімді атағы үшін бес команда күресті: «Химикус» — Оқушылар сарайы, «Алмастар» — «Якорь ОМ» КММ, «Индикаторлар» — «С. Шаймерденова атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ. «Атом» — Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы, «Электрон» – М. Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі»” КММ.

4 раунд бойы командалар практикалық бөлімнің кезеңдеріне қатыса отырып, химия саласындағы білімдерін көрсетті. Балалар химиялық элементтерді атап, анаграммаларды шеше білуде жарысты және элементтердің белгілерін тапты, қойылған сұрақтарға жауап іздеді.

Командалар өз білімдері мен дағдыларын барынша пайдалана отырып, белсенді және үйлесімді жұмыс істеді. Жарыс өте шиеленісті болды, бірде-бір команда өз қарсыластарына жеңісті бергісі келмеді.

Музыкалық үзіліс кезіндегі Эльдар Суслов пен Александра Вопилованың «Ча-ча-ча» биі мен Асанали Канапиновтың орындауындағы «Сам» әні қатысушылардың ғана емес, қазылар алқасы мүшелерінің көңілінен шықты.

Зияткерлік викторинаның қорытындысын білікті қазылар алқасы жариялады: Қазылар алқасының төрағасы — Поляков В. В. — х. ғ. д., «М. Қозыбаев атындағы СҚМУ» КЕАҚ «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының профессоры;

Қазылар алқасының мүшелері: Лежнева М. Ю. — х. ғ. к., доцент, «М. Қозыбаев атындағы СҚМУ» КЕАҚ оқытушысы;

Рубе В. А. — магистр, «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы

Молдыбаева Ж. Т. — химия мұғалімі, «№4 орта мектеп» КММ;

Шарипова Г. К. — химия пәнінің мұғалімі, М. Жұмабаев атындағы Жоғары колледжі

Мақаланы құрған күні: 28.01.2022