“ЖАС БИОЛОГ — ЗЕРТТЕУШІ “ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

23 сәуір күні Оқушылар сарайында “Жас биолог – зерттеуші “облыстық ғылыми жобалар байқауы аяқталды.
Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері – оқушылардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін ашу, жаратылыстану ғылымдары саласында ғылыми зерттеу дағдыларын дамыту.
Байқауға Петропавл қаласының және СҚО аудандық мектептерінің, гимназиялардың, лицейлердің, жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сынып оқушылары қатысты.
Байқауға қатысып, белсенділік танытқан Мағжан Жұмабаев ауданының “Хлеборобовка орталау мектебі” КММ, “Батыр Баян атындағы мектеп – гимназиясы” КММ; Қызылжар ауданының “Водопроводная негізгі мектебі” КММ, “Подгорная негізгі мектебі” КММ; “Аққайың ауданының білім бөлімі “КММ “Тоқшын мектеп-гимназиясы” КММ; Жамбыл ауданының “Преснов орта мектебі” КММ; Есіл ауданының “Ильинка орта мектебі” КММ сияқты Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерлерде орналасқан мектептерін атап өткен жөн.
Ғылыми жобаларды конкурстық комиссия бағалап, қорытынды жасады. Комиссия құрамында-М. Қозыбаев атындағы СҚУ “Азық-түлік қауіпсіздігі” кафедрасының доценті, а.ш.ғ.к. Жунусов Ақан Есмангзиевич; “Агрономия және орман шаруашылығы” кафедрасының меңгерушісі, “М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті”КЕАҚ жаратылыстану ғылымдарының магистрі Муканова Фариза Кайыргалиевна болды.; Шайкина Динара Нурлановна-биология ғылымдарының кандидаты, “М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті”КЕАҚ биология кафедрасының аға оқытушысы; Қалқабаева Маржан Маратқызы-биология кафедрасының оқытушысы, “М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті” жаратылыстану ғылымдарының магистрі; Жантлеуова Данияр Амангелдіұлы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мал шаруашылығы кешенді бөлімінің меңгерушісі.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар жас санаттары бойынша келесідей бөлінді:
5-7 сынып

1 орын – Матушко Никита – Айыртау ауданының “Гусаковка орта мектебі” КММ;
2 орын – Крель Даниил – “№4 орта мектеп” КММ, Петропавл қаласы, ғылыми жетекші;
3 орын -Ибраева Карина – Петропавл қ. “Оқушылар сарайы” МКҚК.

8-11 сынып:

1 орын – Абдурахманова Самира — “Бәйтерек орта мектебі”, Қызылжар ауданы;

2 орын – Ямилев Алан — “Якорь орта мектебі” КММ, Қызылжар ауданы, ғылыми жетекші -;

3 орын – Ибадулла Амина — Петропавл қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, жетекші;

Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушыларын, сондай-ақ ғылыми жобалардың жетекшілерін құттықтаймыз! Құрметті қазылар алқасына алғыс білдіреміз!

Жеңімпаздарға жаңа ғылыми жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

Мақаланы құрған күні: 23.04.2022