Қанның әртүрлі топтарға бөлінетіні барлығына мәлім, бірақ бұл нені білдіретінін кез келген адам біле бермейді. Белгілі бір дәрежеде ол адамның мінезін, оның бейімділігін және тіпті болашақ мамандығын анықтай алады. Өзінің жеке қан тобын әр адам міндетті түрде білуі керек. Оқушылар сарайының ғылыми-биологиялық бағыттында білім алатын оқушылар үшін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университетінің «Биология” кафедрасының аға оқытушысы Корнилова А. А. “Қан тобы дегеніміз не?” тақырыбында зертханалық практикум өткізді. Балаларға қан қызметінің зертханашысы рөлінде болу мүмкіндігі берілді. Олар қан алуды үлкен қызығушылықпен бақылап, оның қай топқа жататындығын анықтады, сонымен қатар Rh факторын анықтады, олардың үйлесімділігін атады. Кейбір балалар химия және биология үйірмелеріне қатысуға ниет білдірді.
“Биология” кафедрасының меңгерушісі Е. В. Галактионоваға, аға оқытушы А. А. Корниловаға және студенттерге мазмұнды әрі қызықты практикум үшін алғысымызды білдіреміз.