9-11 сынып оқушылары мен студенттер үшін конкурс жарияланады!!!

Қозыбаев университеті және Оқушылар сарайы Сіздерді “Science talks”ғылыми коммуникациялар байқауына қатысуға шақырады.
Тақырыбы:”Нобель лауреаттарының ғылыми жаңалықтары туралы қарапайым тілде әңгімеле”

Ол үшін қажет:
– Қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде бейнеролик түсіру (3 минут төңірегінде) және оны 2022 жылдың 25 мамырына дейін YouTube-қа жүктеу қажет.
– Роликте техника, медицина, биология, химия, физика немесе математика саласында Нобель сыйлығын алған ғалымдардың ғылыми теориясы мен өнертабысын қолжетімді тілмен түсіндіру қажет.
– Өтінімді толтырып, 2022 жылдың 25 мамырына дейін хаттың тақырыбын көрсете отырып: “бейнероликтер байқауы” электрондық поштаға жіберу metod.dvorec@bk.ru.
– Байқау жеке қатысу бойынша өтеді.

 
Байқауға ұсынылған барлық бейнероликтерді қазылар алқасы бағалайды. Үздік 10 қатысушы финалға өтіп, 2022 жылдың 1 маусымында Қазақстандағы балалар жылына арналған “балалар ғылым әлемінде” фестивалінде байқаудың күндізгі кезеңі бойынша (3 минуттан аспайтын) өз жұмыстарын ұсынады.

Байқау жеңімпаздарын естелік сыйлықтар күтеді! Қатысыңыздар!

Мақаланы құрған күні: 16.05.2022