Оқушылар сарайында “ROBOTIME” спорттық робототехника бойынша облыстық жарыстар өтті

Робототехниканы, конструкторлық қызметті, ақпараттық мәдениетті және техникалық шығармашылықты дамыту мақсатында 2022 жылғы 26 тамыз күні Оқушылар сарайында “ROBOTIME” спорттық робототехника бойынша облыстық жарыстар өтті.

Бұл жолы жарысқа Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы аудандарынан 16 команда қатысты. Жарыс 3 санат бойынша өткізілді: “Кегельринг”,” Эстафета — жүретін робот”,” Арқан тарту “.

Нәтижесінде жеңімпаздар атанғандар:

“Арқан тарту” санатында

1 орын – “Айзек Азимов” командасы, Төлебай Темірхан, Жанболған Санжар, Петропавл қ., “С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия”КММ;

2 орын – “Тигач” командасы, Мереке Мейірхан, Тимошенко Александр Евгеньевич, Айыртау ауданы, “Айыртау ауданының білім бөлімі” КММ “Қосымша білім беру орталығы”МКҚК;

3 орын – “Андромеда” командасы, Еркеш Анель, Алина Жанерке, Есіл ауданы, “Петровка ОМ”КММ.

“Кегельринг”санатында:

1 орын – “Кегельринг” командасы, Заоба Захар, Бибатыров Дамир, Айыртау ауданы, “Айыртау ауданының білім бөлімі” КММ “Қосымша білім беру орталығы”МКҚК.

2 орын – “Robo_Time_3” командасы, Денисова Наталья, Гуц Варвара, Петропавл қ., “Мұрат Айтхожин атындағы № 1 орта мектебі” КММ;

3 орын — “Альфа” командасы, Сейтжан Аяулым, Сейтжан Айханым, Петропавл қ., “Әл-Фараби”мектеп-лицейі КММ.

“Эстафета — жүретін робот” санатында:

1 орын — “Robo_Time_2” командасы, Стоякин Егор, Моложенко Богдан, Петропавл қ., “Мұрат Айтхожин атындағы № 1 орта мектебі” КММ;

2 орын – “Шагаход” командасы, Ахметжан Алдияр, Ерболұлы Мақсат, Айыртау ауданы, “Айыртау ауданының білім бөлімі” КММ “Қосымша білім беру орталығы”МКҚК;

3 орын — “Robotnik” командасы, Щербаков Богдан, Иванов Артем, Петропавл қ., «Оқушылар сарайы» МКҚК.

Барлық жеңімпаздарға тиісті дипломдар табысталды. Жүлделі орындарға ие болмаған қатысушыларға қатысу туралы сертификаттар электрондық поштаға жолданады. Төрешілер алқасы Оқушылар сарайының әкімшілігінен алғыс хаттармен марапатталды.

“RoboTIME” спорттық робототехника бойынша облыстық жарыстардың жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз және команда жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз. Барлықтарыңызға шығармашылық табыс және келесі жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз!

Мақаланы құрған күні: 27.08.2022