Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық

25 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы педагогтары тамыз кеңесінің қорытынды пленарлық отырысы өтті.

“Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық” тақырыбындағы отырысқа облыс әкімі Қ. И. Ақсақалов, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Академиясының президенті М. А. Тыныбаев қатысты.

Үш жүзден астам педагогикалық білім беру қызметкерлері офлайн, жеті мыңнан астам педагог онлайн – форматта қатысты.

Педагогтар еліміздің білім беру саясатының басымдықтары мен міндеттерін, жаңа оқу жылының оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін, ТжКБ-ны жаңғыртуды талқылады.

Білім беру жүйесінің жетістіктері бойынша тақырыптық көрме жиналысында 30-дан астам білім беру ұйымдары өздерінің жетістіктерін көрсетті. Соның ішінде қосымша білім беру саласының бағыттары да ұсынылды: туризм, шахмат, өлкетану және археология. Үздік педагогтар, үздік білім менеджерлері жоғары жетістіктер тәжірибесімен бөлісті.

Кеңес Солтүстік Қазақстан облысының үздік мұғалімдері мен педагогикалық қоғамдастық жетекшілерін марапаттау рәсімімен аяқталды.

Мақаланы құрған күні: 27.08.2022