Бүгін Оқушылар сарайында LEGO сынып үйірмесінің білім алушылары арасында спорттық робототехникадан жарыс өтті

Бүгін Оқушылар сарайында LEGO сынып үйірмесінің білім алушылары арасында спорттық робототехникадан жарыс өтті. Шара Республика күнін мерекелеуге арналды. «Жас өнертапқыш» және «ROBOTICS» үйірмелерінің білім алушылары «Арқан тарту» және «Эстафета – жаяу робот» атты екі номинация бойынша өз роботтарымен сайысқа түсті. Байқау қорытындысы бойынша «Арқан тарту» санатының жеңімпаздары анықталды. Олар: Тюменев Рауль (1 орын), Қайратов Арлан (2 орын), Жолымбет Алмас (3 орын).
«Эстафета – жаяу робот» санаты бойынша Гельмаза Сергей (1 орын), Дулат Темірлан (2 орын), Қайрат Темірлан (3 орын) жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар мен олардың ұстаздарын құттықтаймыз.

Мақаланы құрған күні: 21.10.2022