«Ашық ниет» балалар форумы

2022 жылдың 26 қазанында Астанада 12 мен 18 жас аралығындағы балалар қатысқан бірінші «Ашық ниет» балалар форумы өтті. Бұл форум Балалар жылы аясында өтті және өзекті жаһандық проблемаларды зерттеуге бағытталды.

Форумның ашылуында Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов шараға қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Осы орайда, бүгінгі форум тиімді диалог пен мүмкіндік алаңына айналып, өскелең ұрпақтың өсіп-өркендеуіне зор үлес қосатынына сенімдімін.

Балалар мен мамандарды бір алаңға біріктіру арқылы, өскелең ұрпақтың пікірлері мен тілектерін тыңдай аламыз. Өскелең ұрпақтың өмір сүру деңгейін арттыру — бәрімізге ортақ міндет. Баршаңызға сәттілік, денсаулық және бақ-береке тілеймін» —  деді Алтай Көлгінов құттықтау сөзінде.

Форум барысында Астана, Тараз, Шымкент, Петропавл қалаларынан келген студенттер түрлі тақырыптағы жобаларын ұсынып, баяндамалар жасады. Форумға барлығы 300 баяндама келіп түсті.

Форумға Солтүстік Қазақстан облысының атынан 9 білім алушылар қатысты. Олардың қатарында «Оқушылар сарайы» МКҚК IT мамандығы бойынша білім алып жатқан Надежда Деринг де бар.

Форумда Надежда «Цифрландыру» бөлімінде сөз сөйлеп, ««iCoolПортативті экономды тоңазытқыш»» жобасын ұсынып, алғыс хатпен марапатталды.

Сондай-ақ, жоба жетекшісі Смайылов Н.М., еліміздегі білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін форумды ұйымдастырушылардың алғыс хатымен марапатталды.

Форумға сәтті қатысуымен Надежданы құттықтаймыз!

Мақаланы құрған күні: 26.10.2022