Оқушылар мен студенттерге арналған «IT аумағы» облыстық IT day

31 қазанда «Оқушылар сарайы» МКҚК-да жыл сайынғы іс-шара — «IT аумағы» оқушылар мен студенттерге арналған облыстық IT day өтті.

Іс-шара қатысушылардың заманауи IT-технологиялар саласында білім алу және оларды тәжірибеде қолданудағы әлеуетін анықтау және ашу мақсатында өткізілді.

IT day 24 команда қатысты. Олардың ішінде: Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ, №10 орта мектеп, Назарбаев Зияткерлік мектебі, ЛОРД, Мұрат Айтхожин атындағы № 1 орта мектеп, Кызылжар Абай орта мектебі, М.Жұмабаев жоғары колледжі, Оқушылар сарайының құрама командасы, Гуманитарлық-техникалық колледж, № 4 орта мектеп, БЭСТ гимназиясы, Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT лицейі, Абай атындағы қалалық классикалық гимназия, М. Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейі. Әр команда 5 қатысушыдан тұрды.

IT day негізгі бөлігі 4 турдан тұратын STEM-турнирі болды: электроника және электротехника, радиоэлектроника, бағдарламалау, графикалық дизайн. Әр турдың өзіндік орындау кестесі болды және әділ қазылар алқасы арнайы критерийлер бойынша бағалады. Әр турдың модераторы қатысушыларды турдың шарттарымен және тапсырмаларымен таныстырып, тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалап отырды.

STEM — турнирін білікті қазылар алқасы бағалады. STEM — турнирінің барлық кезеңдері қызықты және тартысты өтті. STEM —турнирінің барлық турларының тапсырмалары орындалғаннан кейін әділ қазылар алқасы ұпайларды есептеді.

Нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:

  • 1 — дәрежелі жеңімпаздардың дипломдары мен бағалы сыйлықтар химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасына тапсырылды;
  • 2 — дәрежелі жеңімпаздардың дипломдары және бағалы сыйлықтар – Оқушылар сарайының құрама командасына тапсырылды;
  • 3 — дәрежелі жеңімпаздардың дипломдары және бағалы сыйлықтар – Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT лицейінің командасына берілді.

Жеңімпаздарды дайындағаны үшін команда жетекшілеріне сертификаттар табыс етілді.

ITday қызықты, жарқын және нәтижелі болды. Барлық қатысушылар IT-ның әртүрлі салаларында бақтарын сынап көрді, Оқушылар сарайының зертханалары мен кабинеттерінің мүмкіндіктерін көрді, өздері үшін баға жетпес білім алды.

 

 

Мақаланы құрған күні: 31.10.2022