1 қарашада «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» атты Республикалық инновациялық идеялар байқауы басталды

1 қарашада «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» атты Республикалық инновациялық идеялар байқауы басталды. Бұл байқаудың негізгі мақсаты – студенттерді ғылым мен техниканың әртүрлі салаларындағы ғылыми-зерттеушілік, өнертапқыштық қызметке тарту, дарынды балаларды қолдау, шығармашылық құзыреттілікте жеке тұлғаның бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыруға жағдай жасау болып табылады.

Байқау онлайн режимінде ZOOM платформасында өтеді және 3 қарашада аяқталады. Бұл жарысқа Солтүстік Қазақстан облысының атынан 2022 жылдың 22 қыркүйегінде Оқушылар сарайында өткен аталмыш байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпазы атанған 8 баладан тұратын команда қатысады.

Байқаудың ашылуында Қазақстан Республикасы ағарту министрлігі Республикалық қосымша оқу-әдістемелік білім беру орталығының директоры Шер Раиса Петровна қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, барша бүлдіршіндерді құттықтап, сәттілік тіледі.

Байқауға Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан барлығы 170 оқушы қатысуда.

Байқаудың бірінші күні өз жобаларын қорғағандар: Кукуруза Евгений (көлік құралдарының қолданыстағы үлгілерін әзірлеу саласындағы техникалық жобалау), Деринг Надежда (өнеркәсіп саласындағы техникалық дизайн), Тоқтамысов Ернар (ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары саласындағы техникалық жобалау), Шмидт Кирилл (әскери техника саласындағы техникалық жобалау).

Бүгін, байқаудың екінші күні біздің қатысушылар 3 номинация бойынша өнер көрсетті: КендебайДінмұхаммед (су көлігі саласындағы техникалық жобалау), Васильев Даниил (құрылыс саласындағы жобалар), Башинский Илья (авиация саласындағы жобалар).

Байқаудың соңғы күні, яғни 3 қарашада қатысушымыз – Ержан Сәния «Компьютерлік технология және 3D модельдеу» номинациясы бойынша өнер көрсетеді.

Байқау нәтижелері 2022 жылдың 14 қарашасында жарияланады. Қатысушыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

 

Мақаланы құрған күні: 01.11.2022