«KazRoboSport-2022»

Бүгін Астана қаласында «Робо-биатлон» және «Робо-сумо 10*10» санаттары бойынша «KazRoboSport-2022» спорттық робототехника чемпионатының республикалық финалы өтуде. Іс-шараның ұйымдастырушысы «КазРоботикс» қазақстандық спорттық және білім беру робототехника федерациясы”Республикалық қоғамдық бірлестігі болып табылады. Чемпионат 2016 жылдан бастап жыл сайын тұрақты негізде өткізіліп келеді. Биыл чемпионатқа 17 өңірден 130-дан астам қатысушы қатысуда.

Солтүстік Қазақстан облысын чемпионатта осы чемпионаттың облыстық кезеңінің жеңімпаздары – педагог А.А. Хайыржановтың басшылығымен екі қатысушыдан тұратын оқушылар сарайының командасы ұсынады.

Чемпионатқа қатысудан басқа, қатысушылар мен команда басшыларын мәдени бағдарлама күтіп тұр – Оқушылар сарайына, Назарбаев Университетіне, Астана it Университетіне, Alem, Astana Hub бағдарламалау мектебіне бару.

4 қарашада, чемпионаттың салтанатты жабылуында жеңімпаздар жарияланады. Біздің командаға чемпионатта тек сәттілік және жеңіс тілейміз!

Мақаланы құрған күні: 03.11.2022