«Жас химик-зерттеуші»

9 қарашада Оқушылар сарайында «Жас химик – зерттеуші» облыстық ғылыми жобалар байқауы өтті, ол дәстүрге айналып, жыл сайын қала мен облыс оқушылары арасында танымал бола бастады.

Бұл байқау білім алушылардың химияға деген қызығушылығын арттыруға және олардың танымдық, ғылыми-зерттеу қызметін жандандыруға, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Байқауға жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің, Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының 7-11 сынып оқушылары қатысты. Конкурсқа дейін мәлімделген 35 жобаның 32-сі жұмысқа жіберілді. Байқауға қатысушылар өз жобаларын зерттеу нәтижелері мен өнімдерін көрсете отырып, презентация түрінде қорғады. Қазылар алқасы химия саласындағы жобалардың мазмұны қазіргі уақытта әртүрлі, қызықты және өзекті екенін атап өтті.

Қызылжар ауданының, Мағжан Жұмабаев ауданының, Аққайың ауданының, Шал ақын ауданының, Ғабит Мүсрепов ауданының қатысушыларының белсенділігін атап өткіміз келеді. Қазылар алқасының төрағасы – Поляков Владилен Васильевич, химия ғылымдарының докторы, «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының профессоры; Мұқанова Фариза Қайырғалиқызы – Агротехнология факультетінің «Аагрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі; Бегенова Бақыт Естекенқызы-химия ғылымдарының докторы, М. Қозыбаев атындағы СҚУ ҰББА «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының доценті; Сабиева Күлзипа Үмбетәліқызы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ аға оқытушысы; Черепанова Евгения Александровна – «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ оқу пәндері бойынша әдіскер балалардың жобаларын критерийлерге сәйкес бағалады және сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар былайша бөлінді:

1 орын – Бейсембаева Аружан, Петропавл қ., «Оқушылар сарайы» МКҚК;

2 орын – Пименов Максим, Аққайың ауданының «Иваново ОМ» КММ;

2 орын – Таценко Эвелина, «Дарын» мектеп-лицейі» КММ, Петропавл қ.;

3 орын – Оспанов Арлан, Қызылжар ауданының «№2 Бескөл орта мектебі» КММ;

3 орын – Гулова Дарья, «БЭСТ» гимназиясы» КММ, Петропавл қ.;

3 орын – Гайсина Дарина, Қызылжар ауданының «Бугровое орта мектебі»КММ.

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, қалған қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Ғылыми жобалардың жетекшілеріне жүлдегерлерді дайындағаны үшін алғыс хаттар табысталды.

Мақаланы құрған күні: 09.11.2022