17 қарашада мүгедектігі бар адамдар арасында «Шекарасыз өнер» облыстық шығармашылық байқауы өтті @ardoszhurek
«Оқушылар сарайы» МКҚК «Жүрек жылуы» клубының балалары бірден 4 номинация бойынша қатысты:
– хореографиялық өнер;
– сәндік-қолданбалы өнер;
– көркем өнері;
– көркем сөз.
Таня, Карина, Юля және Эллина «Вдохновение» атты өте нәзік биін биледі. Қыздар бұл өнері үшін 2 орын алды. Ал кіші топ балалары Вика, Алиса және Валерия қазылар алқасының назарына «Всем на свете нужен дом» атты биін ұсынып 1 орынды иеленді.
Карина А.Дементьевтың «Я ненавижу в людях ложь» өлеңін оқып 1орын алды.
Өнер номинациясы бойынша Алиса сурет салғаны үшін 3орынға ие болды.
Біздің сүйікті өнеріміз сәндік-қолданбалы өнер номинациясы бірден 4 орынды жинады. Таня 1 орын, Эвелина 1 орын, Карина 2 орын және Юлия 3 орын. Эллина мен Гауһар қатысқаны үшін сертификаттар алды.
Барлық балаларды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Өмірде жеңімпаз болуды, жаңа биіктерге жетуді және тоқтамауды тілейміз. Әр жеңіспен күшейе түсіңіздер! Жарайсыңдар, біз сендерді мақтан тұтамыз!