БЕКІТЕМІН:
«Оқушылар сарайы» МКҚК
Директоры Д. Абильмажинова
« »_________________2023г.
«Жас жұлдыздар» облыстық байқауын өткізу ЕРЕЖЕ
Ұйымдастырушы – Оқушылар сарайы, Петропавл қаласы (Жамбыл к-сі, 55 а)
1. Байқаудың міндеттері мен мақсаттары: Музыка, хореография, театр саласында қосымша білім беру мазмұнын дамыту. Жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерінің сапалық нәтижелерін анықтау. Шығармашылық әлеуетті дамыту, қала және облыс мектептерінің оқушылары арасында шығармашылық тәжірибені арттыру және алмасу.
2.Байқауға қатысушылар :
Әр түрлі стильдер мен бағыттардағы хореографияны орындайтын, қала және облыс мектеп оқушылары арасында жеке орындаушылар, сонымен қатар әр түрлі жас санаттары бойынша вокал, аспаптық және театр өнершілері қатыса алады.
- Жас санаттары:
- 7-9 жас;
10-13жас:
14-17 жас;
4.Байқаудың шарттары:
4.1 Байқау төрт номинация бойынша өтеді:
1. Хореография: – классикалық би, – стильдендірілген би, – халық биі – балалар биі – би шоуы – неоклассикалық. 2. . «Вокал» (солисттер, дуэттер) – Орыс тіліндегі эстрадалық ән – Қазақ тіліндегі эстрадалық ән – Халықтық вокал – Академиялық вокал |
3. Театр шеберлігі: – сахналық қойылым -Шешендік өнер 4. Аспаптық орындау (жеке дуэт, ансамбльдер) – ішекті аспаптар (скрипка, контрабас және т.б.) – үрмелі аспаптар (флейта, кларнет, саксофон және т.б.) – халық аспаптары (домбыра, қобыз, баян, гитара, т.б.) |
4.2 Байқауға қатысу ерікті және тегін. Конкурсқа қатысу үшін нысан бойынша өтінімді толтыру қажет (1-Қосымша)
5. Бағалау критерийлері:
орындау техникасы;
композициялық құрылысы;
репертуардың орындаушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;
қойылым/пластика, костюм, реквизит, орындау мәдениеті;
- Қатысу туралы өтініш:
Байқауға қатысу үшін өтінімді толтырып, электронды поштаға __________ дейін қоса алғанда жіберу керек. Өтінішті «Жас жұлдыздар» байқауы және («Хореография», «Аспаптар», «Вокал», «Театр») номинацияны көрсете отыра, ___________ аралығында metod.dvorec@bk.ru поштасына жіберіңіз.
- Байқау «Оқушылар сарайы» МКҚК , _________ өтеді
Байқаудың әділ қазылар алқасы:
Байқаудың әділ қазылар алқасы Петропавл қаласының мәдениет және өнер саласындағы жетекші мамандары мен қайраткерлерінен жасақталған. Әділ қазылар алқасының шешімі түпкілікті және талқылауға жатпайды! Байқау нәтижелері Оқушылар сарайының сайтында, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Марапттау:
1, 2, 3 дәрежелі диплом. Гран-при.
Қатысушы сертификаты.
Марапаттау әр номинация және байқауға қатысушылардың жас топтары бойынша жүргізіледі.
Анықтама телефоны:
87152340244
Қосымша 1
«Жас жұлдыздар» облыстық байқауға қатысуға ӨТІНІМ
Баланың тегі, аты мен жөні |
|
Оқу орнының толық атауы |
|
Сынып, баланың жасы |
|
Номинация (хореография, аспаптар, вокал, театр) |
|
Нөмірдің (қойылымның) атауы |
|
Электрондық пошта |
|
Байланыс нөмірі (WhatsApp )
|
|